Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы қаласындағы 74 базардың 30-ы мемлекеттің меншігіндегі «қызыл жолақтың» бойына орналасқан, сондықтан оны жалға алғандар қала әкімдігімен келісімді бұзып, базарды басқа жерге көшіруі тиіс. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінде кеше өткен жиында айтылды. 


«Денсаулық сақтау басқармасы базар­ларда жұмыс істейтін әйелдердің ара­сындағы жұқпалы аурулар қала бойынша орта есеппен жеті есе көп екендігін анық­тады» деп мәлімдеді кеше Алматы қа­ла­сының әкімі Ахметжан Есімов базарларды жаңарту жөніндегі кеңесте.
Қала басшысының айтуынша, базар­ларда жұмыс істеуге ешқандай жағдай жасалмаған, жылу, жарық, әжетханалар жоқ, сондықтан тазалық та сақталмаған. Көптеген саудагерлер салық та төлемей, зейнетақы қорларына ақша да аудармай, көшеде сауда жасап жүріпті. Базарларды өз салалары бойынша тексерген Салық департаментінің мәліметтерінше, базар­ларда сауда жасап жүрген 12 мың адамның зейнетақы қорларымен келісімге отыр­мағандығы, ал екі жарым мың адамда еш­қашан әлеуметтік жеке код болма­ғандығы анықталған.

Алматы қалалық салық департамен­тінің бастығы Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, базарларға тексеру жүргізген салықшылармен бірге «Халық банк», «Республика» және «Ұлар Үміт» зейнетақы қорларының өкілдері ере шығып, сау­дагерлермен зейнетақы келісімшарттарын солардың жұмыс орындарында жасаған. Кешегі жиында негізінен, Алматы ба­зарларын жаңарту туралы әңгіме болды. Базарларды қайта құру бағдарламасы 5-6 жылға арналған. Қалада қазір 74 сауда орны жұмыс істеп тұр. Олардың бар­лы­ғында дерлік санитарлық жағдайлар өте нашар, орналасқан жерлері де ыңғайсыз, соның салдарынан көлік кептелісі жиі болады. Сондықтан оларды қайтадан жаңартып салу және кейбіреулерін басқа жаққа көшіру туралы қала әкімдігі шешім шығарған. Қазір Алматыдағы «барахолка» деп аталатын ең үлкен киім-кешек базары орналасқан Розыбақиев көшесімен, «Солтүстік шеңбер» айналма жолымен өту өте қиын. Жол бойына қойылатын автокөліктерден үнемі кептеліс пайда болып, қозғалыс тежеледі. Осындай жол тораптарында қозғалысты реттеу және сауда жасаушыларға жайлы жұмыс орындарын жасау үшін қала әкімдігі жаңа жол салмақшы.

– Алматыдағы 74 базардың 30-ы мем­лекеттің меншігіндегі «қызыл жолақтың» бойына орналасқан, сондықтан ол жерлер жекеменшік мақсатында пайдаланыл­майды. «Солтүстік шеңбер» төтенше жағ­дайлар кезінде қала тұрғындарына эва­куация жасауға арналған. Сондықтан біз «Солтүстік шеңбер» айналма жолын босатып, шығыс жағынан транспорттық дәліз жасаймыз. «Барахолка» орналасқан «Солтүстік шеңбер» айналма жолын жеңіл­детсек Сейфуллин мен Сүйінбай көше­леріндегі көлік кептелістерінен құтыламыз. Қаланың батыс бөлігіне жол ашылып, Алматы-1 вокзалына, әуежайға баратындар және Қапшағай даңғылына шығатындар осы жолмен жүрер еді. Жолды жеңілдету үшін Рысқұлов көше­сінен Алматы каналына дейін, шығыс жақтан ұзындығы 2,4 шақырым жол салынады. Осы жерде болатын 16 сауда ор­талығы тауарларын осы жолмен жеткі­зетін болады, сондай-ақ тұтынушылардың көліктері тұратын орындар, қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамалар салынады, – дейді Алматы қаласының бас сәулетшісі Сайран Фазылов.

«Бұл тек «барахолка» ғана емес, базар­лардың барлығы сәулеттік келбетіне сәйкес келуі керек. Бірақ жұмыстар заңға сәйкес жүргізілуі керек, егер бұл «қызыл жолақ» болса, онда сөз жоқ, барлығы тәртіпке бағынуы керек» деді қала әкімі А.Есімов.
Бірқатар базар аумағындағы сауда орындарын толықтай жаңартып алыпты. Мысалы «Тиграхауд», «Арыстан», «Сәлем-7», «СтройСити» барлық жағынан заман талаптарына сай, жаңартылған ғимараттарға көшірілген. Бүкіл Қазақ­станға белгілі Алматының «Көк базары» қазірдің өзінде жаңа форматта жұмыс іс­теуде. Тек келген-кеткен көліктер тұратын паркингтер салу ғана қалыпты. Жақын­арада қаладағы ескі базарлардың бірі «Тастақтың» да жаңа келбетін көретін бо­ламыз.

– Біздің «СтройСити» сауда орта­лығымыз Алатау ауданындағы Рысқұлов көшесінің бойына орналасқан. Жаңа талаптарға сай заманауи ғимараттар са­лы­нып бітті. Әрбір бутиктің ішіне қалалық телефон, интернет жүйесі кіргізілген. Сауда жасауға барлық жағдайлар жасалған, іші жылы, күндіз-түні бейнебақылау, күзет қызметі жұмыс істейді. Жалға беру ба­ғасын да көтерген жоқпыз, шаршы метрі 1 мың теңгеден 3,5 мың теңгенің арасында, – дейді «СтройСити» сауда орталығы бас директорының орынбасары Шаймардан Оспанов.

Сонымен, қала әкімдігінің шешімімен Алматыдағы бұзылуға жататын мемлекет меншігіне қарасты жерлерде тұрған базарлар бұзылады. Ал бұзылмайтындары «СтройСити» сауда орталығы сияқты ғи­мараттарын жаңартып, қайтадан салады. Нәтижесінде үлкен жолдардың бойына орналасқан, кең көшелерді тарылтқан базарлардан 120 гектардан астам жер босайды. Алматыдағы 74 ба­зардың 53-і жоғарыда айтылған «Солтүстік шеңбер» айналма жолының бойынан орын тепкен. Ең алдымен осы «барахолка» маңайын­дағы жол кептелістері азаятын болады.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

http://www.aikyn.kz

Рубрика:

Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы қаласындағы 74 базардың 30-ы мемлекеттің меншігіндегі «қызыл жолақтың» бойына орналасқан, сондықтан оны (далее…)

Рубрика: