Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_89b6514c9d9462c06772299ca4516631Астана. 18 шілде. Baq.kz – Бүгін АҚШ-та Ұлттық хот-дог күні.

 Қызыққа толы бұл мерекені 1957 жылы АҚШ Сауда палатасы ресми бекіткен болатын. Хот-дог жасалатын кішкене шұжықтарды (сосиска – Авт.) АҚШ-қа алып келген неміс эмигранты еді. Ол 1871 жылы АҚШ-та кішкене шұжықтарды саудаға шығарды. 1901 жылы АҚШ тұрғыны Дарган есімді кісі жұмсақ нанға кішкене шұжықты орап тағамның бір түрін жасады. Кішкене шұжықтың сыртына жазылған «Dachshund» атауын дұрыс оқи алмаған ол бұл тағамды «хот-дог» деп атай салған еді.
Қазіргі уақытта Нью-Иоркте хот-дог сатылмайтын бірде-бір дәмхананы көрмейсіз. Дәстүр бойынша бұл тағамды орындықта отырып жеуге болмайды. Керсінше үстел басында тұрып жеу керек дейді АҚШ тұрғындары.
АҚШ-та 1994 жылы өнім сапасы, дәмі және жарнамасымен айналысатын Ұлттық хот-дог және кішкентай шұжықтар кеңесі құрылды. Кеңестің дәстүрлі мүшелері хот-дог пен кішкене шұжықтарды ұнататындарға арналған жарыс өткізіп тұрады. Жарыстың 4 негізгі ережесі бар: 18 жасқа толмағандарға хот-догқа кетчуп жағуға болмайды; хот-догты тәрелкеге салмай тек қана қолмен жеу керек; қолға жұққан дәмдеуішті жууға болмайды, саусақтарыңды жалап тазалауың қажет; ешқашан да хот-догты қытай ыдысына салуға болмайды, себебі «хот-дог — американдықтардың ұлттық тамағы» деген түсінік бар.
Орта есеппен АҚШ-тың әрбір тұрғыны жылына 60 хот-дог жейді екен. Бұл мемлекет қазынасына 1,7 млрд пайда әкелеген.
Кейбір деректерде бұл тағамды алғаш рет Австрия елінде жасалған деп жазады. Сонымен қатар, хот-догқа Германияның да таласы бар.

http://www.baq.kz/kk/news/32403

Рубрика: