АЛТЫНОРДА
Новости

Бүгін Астанада қар жауады деп күтілуде

Астана. 9 қаңтар. Baq.kz – Бейсенбі, 9 қаңтарда, елордада жел соғып, қар жауады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. 

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін күндіз елордада ауа температурасы 11-13 градус нөлден төмен болады, көшпелі бұлт шығады, кей кезде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді.

Түнде де қар жауады деп болжанған, сынап бағанасы 11-13 градус аязды көрсетеді.

 

http://baq.kz/kk/news/41855