Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

5893c0637a7e544ad430baa61054d9a9_XLкөмекке ақша бөлу мәселесі британдық салық төлеушілердің қатысуынсыз шешілуі мүмкін, деп мәлімдеді премьер-министр Дэвид Кэмеронның ресми өкілі Еуропалық қаржылық тұрақтылық тетігінен қаржы бөлу туралы ЕО көшбасшыларының ұсынысы туралы сөзінде. Афинының қаржыға сұранысы жеті миллиард еуро. ЕО көшбасшылары Грекияға Еуропалық қаржылық тұрақтылық тетігінің қаражатын пайдаланып, бридж-кредит беруді теріс көрмейді. EFSM-ге ЕО-ның барлық мемлекеті, оның ішінде еуроаймаққа кірмейтін Ұлыбритания да қатысады. «Біздің ұстаным әрдайым нақты — британдық салық төлеушілердің ақшасы Грекия бойынша еуроаймақтың уағдаластығын қаржыландыруға пайдаланылмауы тиіс. Сондықтан да бұл мүмкін емес», — деген Кэмерон өкілінің сөзін келтірді Рейтер агенттігі. «Пікірталас бүгін өтуде. Бірқатар елдің білдірген ойы алаңдаушылық туғызуда. Кейбір мәселелер оңынан шешіледі деп ойлаймын», — деді ол. Кеше Британия қаржы министрі Джордж Осборн британдықтардың Грекияға көмекке қатысу идеясын мүмкін емес деп мәлімдеді.

http://zhebe.com/

Рубрика: