Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

imagesБразилияда болған оқиға жалпақ жұрттың жағасын ұстатты. Елдің Мостардас қаласында 1,5 жастан асқан бөбек үйінің ауласында жылжып бара жатқан жыланды ұстап алып, тістелеген. Бұл әрекеттен жәндік сол жерде өліп қалыпты, деп хабарлайды Latin American Herald Tribune. Қорқып кеткен ата-ана баласын ауруханаға алып ұшады. Таң қаларлығы, баланың тістеп өлтірген жыланы улы болғанымен, оның денсаулығына ешбір әсер етпепті. Туылғанына небәрі 1 жыл 7 ай толған Лоренцоның жыланды тістеп отырғанын бірінші болып, анасы көрген. Ол дереу барып, жыланды баланың тісінен айырмақ болады. Бірақ, улы жәндікті күшене тістеген бөбектен жыланды ажырату оңайға соқпаған. Ақыры әйел баланың әкесін көмекке шақырыпты.  Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/

Рубрика: