Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлемнің көптеген жоғары оқу орнында қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен тілі оқытылады. Сыртқы істер министр­лігінің қолдауымен шетел университетіндегі аталмыш кафед­ралардың жұмысы мен тыныс-тіршілігін тұрақты түрде жа­риялап келеміз.

Мұндағы мақсат – мемлекеттік тілдің мәр­тебесін көтеру, білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру, шетелдегі жоғары оқу орындарымен байланыс ор­нату. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша білік­тілігін жетілдіргісі келетін жастарға бағыт-бағдар беру. Біз бұл жолы Болгариядағы қазақ тілінің қолданыс жағдайымен танысатын боламыз.

Әулие Климент Охридский атындағы Софиялық универ­си­теті 100 жылдық тарихы бар жо­ғары оқу орны. Ірге тасы 1888 жылы қа­ланған. Қазақ тілі пәні универ­ситеттің Классикалық және жаңа филология факуль­тетінде түркі тілдерінің екінші тілі ретінде оқы­тылады. Түрко­логия мен алтай тіл­дері кафедра­сының студенттері қазақ тілі пәнін екінші курстың бағдар­ламасы бойынша екі се­местр бойы міндетті түрде оқиды. Сон­дай-ақ үшінші курстың бағ­дар­­ламасы шеңберінде таңдау пәні ретінде екі семестр бойы жалғас­тырады. Атап айтқанда, 1 акаде­миялық жыл (бакалавр деңгейдегі міндетті оқу пәні) және 1 ака­де­мия­лық жыл (бакалавр дең­гейдегі таңдау мүмкіндігі бар оқу пәні) деп бөлінеді.

Қазақ тілінің міндетті және таң­дау пәндері ретінде аптасына 6 сағат, айына 24 сағат оқытылады. Пәннің негізгі оқушылары – түр­кологтар және болгар азамат­тарынан құралған.

Пәннің мақсаты – түрколог-студенттерді даярлау шеңберінде, қазақ тілінің осы заманғы фо­нетика, грамматика, синтаксис пен лексикасын керекті компо­нент­тері ретінде қарастыру. Жыл сайын міндетті пән ретінде қазақ тілін 20-25-ке жуық, ал таңдау пәні ретінде 6-7 студент оқиды. Қазақ тілінің қамтылу аясы, мә­тіндерді оқу мен оларды аудару, сонымен қа­тар негізгі деңгейдің комму­ни­кативті-сөйлеу білі­мімен шек­теседі.

 

Әулие Климент Охридский атын­­дағы Софиялық универси­те­ті екіжақты келісімдер негізінде Қа­зақстанның 11 жоғары оқу орын­­­дарымен байланыс жа­сас­қан. Олар әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ ха­лықаралық қа­тынастар және әлем тілдері уни­верситеті, Пав­лодар педагоги­калық инсти­туты, Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлт­тық универ­ситеті, Ш.Уә­ли­ханов атындағы Көкшетау мем­лекеттік универси­теті, Тараз мем­лекеттік педагоги­калық инс­ти­туты, М.Өте­місов атын­дағы Батыс Қазақстан мемле­кеттік универ­ситеті, Ш.Есенов атын­дағы Каспий мемле­кеттік техно­логиялар және инжи­ниринг уни­верситеті, І.Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік уни­вер­ситеті, А.Байтұрсынов атындағы Қос­­танай мемлекеттік универси­теті және «Фемида» заң акаде­миясы.

http://www.aikyn.kz/articles/view/46766

 

Рубрика: