Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 10 сәуір. Baq.kz-«Citi» Халықаралық жетекші қаржы корпорациясының мамандары әлем және Қазақстан экономикасының дамуы бойынша макроэкономикалық болжамында әлемдік энергетикалық сектордың әлем экономикасына ықпалы зор деген тұжырымда. Сондықтан әлемдік нарықта мұнай бағасының көтерілуі немесе төмендеуі үлкен дүрбелең тудыратыны жасырын емес.

Мәселен, Citi Нью-Йорк экономисті Эрик Ли бүгінде Америка экономикасының қалыпты дамуын қамтамасыз етіп тұрған осы мемлекеттің аумағында өндірілетін әрі арзан, әрі ең сапалы сланстық мұнай екенін жеткізді. АҚШ, егер қажет болса, мұнай өндіру көлемін Сауд Аравиясының деңгейіне дейін жеткізіп, соның арқасында жаңадан 3 миллион жұмыс орнын аша алатын қабілеті бар екен. Дегенмен, болашақта мұнайдың орнын табиғи газ басатындығын айтады. «Бұл мұнай өндіруші елдердің экономикасына жайсыздық тудырғанымен, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашады»,– дейді ол.
Дәулетқали Асауов/
http://www.baq.kz/kk/news/26162

Рубрика: