Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Біздің бүгінгі ұрпақтың ежелгі ата-бабасы осы мекенімізге қоныс теуіпті. Тарихшылар Сақ, Скиф, Қыпшақ империяларының, Үйсін Күнбилігі мен Алтын Орданың әмірі оңтүстікте Үндістан, оңтүстік шығыста Қытай, батыста Еуропа жеріне дейін жеткен дейді.

Бұл біздің ғана емес, бүкіл әлем тарихшылары жазған ақиқат. Сондай-ақ аталған ата-бабалар мемлекеттіктері дәурен құрған шағында тұлпарымыздың тұяғы солтүстікте Тундра мен Тайганы таптағаны белгілі. Ол кезде солтүстігімізде қазіргідей қуатты алып мемлекет болмаған, ол – ол ма, кешеге дейінгі тарихшылары «викингтерден тарағанбыз» десе, бүгінгі тарихшылары «жоқ, олай емес, Скифтермен көршілес Сарматтардан тарағанбыз» деп жүрген орыс ұлты мүлде жоқ еді. Иә, бұрын солай болған.

Уақыт өте келе бір атадан та­­­раған ұлдар таққа таласып, бір-бірімен қырқысты да ақыр ая­­­ғында 1219  жылы Тимуч­жин­нің қыр­ғынына ұшырадық. Онан соң дү­ниені дүрліктірген «қан шең­гел­деп туған» хан бүгінгі қа­зақ жерін Жошы, Үгедей, Сү­бе­дей дейтін ұлдарына мұраға бе­ріп, не керек, үшке бөлініп, «үш жүз» дейтін ұғым сөздік қоры­мыз­ға енді. Үш жүз хандары мен сұл­тандары бір-бірімен қыр­қы­сып, салдарында өзімізден он есе аз қалмақтардың қырғынына ұшы­радық. Не керек, баяғы Скиф, Сақ, Үйсін бабалар ұрпағы­ның дәурені өтіп, ақыр аяғында 1733 жылы өткен уақыт ішінде ұлт ретінде қалыптасса да Алтын Орда империясы кезінде бізге князьдерін тағайындаттырып тұр­­ған орыс халқының күшейіп ал­­ған Ресей империясының бо­да­­ны­на өтуге өтініш жасадық. Бұл да болған.

Сол 1733 жылдан 1991 жыл­ға дейін Ресей империясында, оның құрамындағы бодан қазақ жерінде, елінде не болмады дей­сіз. Жақсы да, жаман да болды. Оның бәрі шаң басқан тарих қой­науында қалды. Десек те, сол та­рихтан мәңгі өшпестей жаны­мыз­ға да, тәнімізге де телінген бір ақиқат бізбен бірге, ол – ежел­гі атамекенімізге Ресей им­периясы мен коммунистік КСРО державасын билегендердің тікелей бұйрығымен сан ұлт өкіл­дерінің қоныстандырылуы. Бұл күнде егеменді Қазақстанда жүз­ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері т­ұ­рып жатыр десек, олар қарумен келген жаулап алушылар емес. Би­ліктің зорлығымен келген­дер­дің ұрпақтары. Біздің жерімізге бас­қа ұлт өкілдерін күштеп қо­ныс­тандыру патшалық Ресей за­манында-ақ басталған. Ал КСРО державасы тұсында 1936-1937 жылдарда репрессия құр­бандықтарына айналып «Ал­жир» қапасының тұтқыны болып, мер­зімін өтеп шыққан соң байыр­ғы мекеніне қайта оралған жүрегі шай­­лығып, осында қалып қой­ған­­дар, Ұлы Отан соғысы жыл­да­рында өз атамекендерінен зор­лықпен қоныс аударғандар, фа­шистер жаулап алған аймақ­тар­дан амалсыздан эвакуациялан­ған­дар, сондай-ақ тың игеруші­лер дейтін ауқымды-ауқымды, лек-лек топты құраған өзге ұлт өкіл­дері келді де қалып қойды. Сөйтіп, олардың көбісі, басым көп­шілігі қазақтың бір баласын­дай болып кетті. Герольд Бельгер, Асылы Османова, Надежда Луш­никова, Үш Татьяна секілді та­ма­ша да танымал тұлғаларды өзім­дікі емес, өзгенікі деп қалай айта аларсың. Ахмет Байтұрсыновтан бас­тап Олжас Сүлейменовке дейін­гі тұлғалы қазақтардың ау­қым­ды бір бөлігі әжелеріміз бен жең­гелерімізді басқа ұлттан таң­да­са бұл жерде қандай кемістік бар?! Иә, бүгінгі қазақтар ара­сын­­да «интернационалды неке» деп аталатын ұғымның ұрпағы да бі­р­аз болып қалады. Оны «бауы­ры­­мыз емес» деуге бола ма?! Еге­­­мендік «аралас некені» кө­бейт­­­песе азайтқан жоқ. Бұрын не­­гізінен, ұлдарымыз өзге ұлт қыз­­дарына үйленсе, қазір қыз­да­рымыз өзге ұлт өкілдеріне тұр­­мысқа шығуда. Бұларды қа­лай шектейміз?!

Жалпы, адамзаттың барлық ұр­­­­пағының  даму тарихына көз  жү­гіртсек қазақ та, орыс та, ағыл­шын да, француз да, қытай да, үн­ді де, не керек, бәрі-бәрі ас­се­миля­цияның жемісі. Осыған қарап-ақ ұлт ұстазы Абайдың «адам­заттың бә­рін сүй, бауырым деп» деген өсие­ті бүгінгі бізге жә­не біздің жал­­ғаса беретін бү­кіл ұр­па­ғы­мыз­ға арналған ең қа­сиетті сөз екенін түсінуге бола­ды. Дініміз бойын­ша Исламды ұстансақ, оның өзі «интерна­цио­нал­ды дін» емес пе?! Демек, ұлт Көшбас­шы­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егеменді Қазақстан Респуб­ли­касын құрған алғашқы сәтінде-ақ мемлекетіміздің мәң­гілік ұста­ны­мы Қазақстанда тұратын барлық ұлт­тар мен ұлыс өкілдерінен құ­рал­ған азамат­тар­дың заңдық не­гіздегі құқы тең деуі тарихымыз бен бүгінгі бол­мы­сымыздың өзі ұсын­ған басты қажеттілік. Иә, біз­дер Қазақстан халқы ұлтына, дініне, жасы мен жынысына, әлеуметтік тегіне қа­рамастан тең құқылы азамат­тар­мыз. Консти­туция­мызда жазыл­ған заңды ақиқат та, табиғат пен тарих қа­лып­­тастырған ақиқат та осыны мойындатады. Демек, бі­рін­ші мамыр Қазақстан халқы деп ата­ла­тын 18 миллиондық бү­кіл дүйім жұрттың бойтұ­ма­рын­дай ең қасиетті мереке.

А.Затаевич, З.Кедрина, И.Пан­­филов, С.Рафиков, М.Горяев,Е.Бру­силовский, Л.Хамиди секілді­лер­ге алғыс айтар күн1 мамыр – Қазақстан халық­та­рының бірлігі күні. Бұл күнде Қа­зақ­стан жеті емес, жүз бояу­мен құлпырған әлем қызығатын тамашаға айналуы тиіс. Елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкіл­дері бар десек, солардың бар­лы­ғы да өз тілдері мен мақам­да­рын­да сөйлеп, ән айтып, би би­леп көңіл көтеріп, өсіріп жатқан ұр­пағына ұлттық дәстүрлерін көр­сетіп, не керек, «Мәңгілік ел» болу­ға ұмтылған Қазақстанның ме­рейін үстем ететіндей жасам­паздық ісімен айналысса, бізге ке­регі осы. Бұл күнде біздің бар­ша­мыз қазақ халқына ерекше ең­бек сіңірген, ұлттың даңқын ас­­пандатқан өзге ұлт тұл­ға­ла­ры­на алғыс айтып, аруақтарына бас иіп, иман тілеуге тиіспіз. Айталық, Александр Затаевич Атыраудан Ал­тайға дейін созылған қазақтың ұлан-байтақ даласын атпен ара­лап, ата-бабаның мұрасын «қа­ғаз­ға түсірмесе» бүгіндері біздің бай­лығымыз делінетін ежелгі ән­деріміз бен күйлеріміз ұрпақ­тар­дың игілігіне айналар ма еді, қай­тер еді?! Бір ғана Сәкен Сей­фул­линге ғашық болуы арқылы бү­кіл қазақ халқын бүкіл ғұмы­рын­да сүйіп өтіп, Бибігүл Төле­ге­нова секілді бұлбұл қызды Се­мейдегі зауыттан дүниежүзі  сах­н­асына шығарып берген, Зоя Кед­ринаны қалайша басқа ұлт­тың өкілі дейміз?! Даңқты де­ви­зия командирі Панфилов Қазақ­стан атын әлемге жайған жоқ па?! Әрі-берідесін қас ба­ты­ры­мыз Бауыржан Момышұлының қаһармандық тұлғасын сомдап шы­ғу да Панфилов қызметінің қан­­дай болғанын ұлт мақта­ны­шы­ның өзі айтып, жазып кеткен жоқ па?! Академик, химия ғы­лым­­дарының докторы, қазақ ғылымының құдіретін жер жүзіне мойындатқан Еділ Ерғожиндей та­маша ғалымның ұстазы болған Са­ғид Рафиков аруағына алғыс ай­тып, құран бағыштасақ, жара­сы­мы сол емес пе?! Ал Михаил Ива­нович Горяев секілді ғалы­мы­мыз қазақ жерінің жуса­нын­дағы пайдалы қасиеттерді зерт­теп, ғылыми негіздеп беру үшін ұлан-байтақ даланы бүкіл ғұмы­рын­да жаяулап-жалпылап, ара­лап шыққаны үшін де алғыс ай­туға тұрарлық тұлға емес деп тек білімсіз ғана айта алар. Химия ғылымындағы ол салған сүрлеу бү­гінгі және келер ұрпақ жал­ғас­ты­рар тамаша да игілікті, соны­сы­мен қоса, соқпақсыз пайдалы жол. Евгений Брусиловский мен Ла­тиф Хамиди қазақтың саз өне­рін дамытқан, байытқан және жер бетіне танытқан тұлғалар болуымен де біздің бар­ша­мыз­дың құрметімізге лайық тұлғалар. Қа­зақ саз өнерін адам шошы­нар­лықтай қиқылдақ-шиқылдақ құ­бы­жыққа айналдырып жіберген ұлты қазақ «киндер сюрприз» жұл­дыздар мезі қылған шақта ұл­тымыздың байырғы «құлақтан кіріп, бойды алатын» әуендерін айтып, көктемде Алматы сахна­сы­на шыққан үш Татьянаны көр­генде кәусарына тап болғандай сезінген қазақ бұларды бөтен дей алар ма?! Оқырман байқаған шығар, біздің ойымызға оралған өзге ұлт тумалары болса да қазақ даң­қын шығаруға зор үлес осы­нау тұлғаларды қалайша «жат» дей аламыз. Жоқ, олай деуге иман алдында хақымыз жоқ. Иә, бү­гінгі жасампаздыққа ғарыш­тық жылдамдықпен ұмтылып ба­ра жатқан егеменді Қазақстан Республикасына есімі берілген халыққа қызмет еткен осындай-осындай тұлғалар жат емес, өзі­міздің бауырларымыз. Олар өз­ге­ге емес, қазаққа қызмет етті. Мұ­ны ұмытуға бол ма?!

Қазақстан – баршамыздікі

Бүгінгі Қазақстанды жасап шы­ғарған тек қана қазақтар деу тек білімсіздің сөзі. Тек қана қа­зақ­­тар 1733 жылға дейінгі Қа­зақ­­­стан аумағындағыны жаса­ған. Одан басқасын біз өзге ұлт өкіл­дерімен бірге жасадық. Мойын­дасақ та, мойындамасақ та шындық осы. «Өткенге тас лақ­тыр­ғысы келетін» топ бізде де бар. Бұған көз жұмуға болмайды. Олар 1991 жылға дейінгі ұлт же­тістігін тек қазақтар жасаған дегісі келеді. Ал біз Компар­тия ­бі­лім мен ғылымды бұқаралық дең­­­гейге шығармаса, бүгінгі Қа­зақстан болмас еді дегенді ашық айтамыз. Атыраудан Алтайға дейінгі тас жол мен темір жолды мұ­раға қалдырған да КСРО дер­жавасы. Ал кеңестік Қазақстанда сол кезде де 100 ұлттың өкілі тұр­­ған. Яғни 1991 жылға дейінгі же­тістіктің барлығын бүгінгі қа­зақ­стандықтар барлығы бірігіп, жа­сады. Олай болса, егеменді Қа­зақстан Республикасы, сөздің тура мағынасында бүкіл ел аза­маттарының мекені, ортақ туын­ды­сы және игілігі. Осыны дұрыс түсі­ніп, халыққа дұрыс түсіндіру ке­­рек. Ұлтшылдық пен шовинис­тік ұстанымдар еш ұлтқа, еш мем­лекетке пайда бермегенін адамзат тарихы жақсы біледі. Жер бетіндегі кейінгі оқиғалар да біздің осы сөзіміздің нақты дәлелі бола алады. Біз мәңгілік ел құрамыз деп жасампаздыққа талпынып жатырмыз. Ал кей­бі­реу­лер ұлтшылдық пиғылмен қан­төгіс жасауда. Біздікі бөл­шек­тенбеушіліктің, яғни бірлік пен ынтымақтың жемісі. Ал қантөгіс оқ­шауланушылықтың қайғысы.

 

Қорыта айтқанда, бірінші ма­мыр – біздің мемлекет тұрғын­да­ры­ның бойтұмарындай мәңгілік жә­не ең қасиетті мерекесі. Бұл күн­нің басты міндеті бірге, дәлі­рек айтсақ, 18 миллиондай хал­қы­мыздың баршасын бірдей шат­тандыру. Жетістіктерімізге қуанып, болашағымыздың ұлан-ғайыр жоспарын орындау жо­лын­­дағы толып жатқан жұмыс­тар­ға жігерлене кірісетін күш-қуат осы мерекеден алынады. Ол қазақстандықтардың бірлігі, тұ­тастығы, ынтымағы, сыйлас­ты­ғы, бір-біріне деген құрметі мен ыс­тық ықыласы арқылы пайда бо­ла­ды. Жанымда жау емес, досым бар деп ойлай алатын, сене ала­тын адамдар ғана қиынды же­ңе­ді. Ендеше, алдына асқаралы мін­дет қойған халқымыз биік­тер­ге шыға беруі үшін де ынтымағы мен сыйластығын бір-біріне құр­ме­ті мен сүйіспеншілігін, тұтас­тық­ты көздің қарашығындай сақ­­­тауы қажет. Жоғарыда айтып кет­кенімдей, бұл бізге данышпан абы­зымыз Абай айтқан өсиет. Бұл бізге ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ата заңымызда заңдастырып бер­ген баға жеткісіз құндылық. Иә, Тәңірім бізді ең қымбат құн­ды­­лығымыздан айырмасын!

Жџмабек ЖАНДIЛДИН

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/48344

 

Рубрика: