АЛТЫНОРДА
Новости

Біз қандай халықпыз?

434_6b6f5147b22d4a7daa30941e453abb3aАстана. 9 тамыз. Baq.kz-Біз қандай халықпыз? Кімдер едік, кімдер болдық? 1456 жылдан бастап бес ғасыр кескілес барысында биологиялық ең текті, таза, ғазизлеген қанымыздан айрылдық. Бес ғасырға созылған соғыстың, бес жүз жылдық «кері селекцияның» шығынына ешбір генофонд төтеп бере алмайды. Керей мен Жәнібек, Еңсегей бойлы ер Есім, Салқам Жәңгір мен Абылай заманының қазақтарын былай қойып қойыңыз, тіпті Абай заманындағы қазақтармен қай жағынан болса да шендесе алмаймыз.

Иә, иә, таңқалмаңыз, себебі қандай тайғақ кешуден өтсе де, қазақтың қаны өшіп бара жатқан инерция бойынша Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан сияқты тұлғаларды жаратты.
Кері селекцияның нәтижесінен болған биологиялық апат ұлттың бүкіл рухани әлемін күйретті. Егемендік біздің көзіміздегі кіреукені сейілтті. Жиырма екі жылдың егемендік өмірі барысында біз мәдениетіміздің «показуха», сырт көрініс қана екеніне, ал надандығымыздың шетсіз-шексіз екеніне көз жеткіздік. Ешбір жұрт надан, ақылсыз болып жаратылмайды. Халық ақылынан жүре айырылады. Біз ақылынан айырылған ақымақ тобырға айналдық. Біздің бұл интеллектуалдық банкроттығымыз қаншаға созылмақ? Біздің «ғылым» деп жүрген нәрсемізге көз салсаңыз, сонда бұл ахуалдың қанша ғасырға созылатынын шамаларсыз.
Біз бір-бірімізді алдап, алаяқ атандық. «Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман» (Абай). Бірақ бір күнде емес. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы кенеусіз барымта, патшалық Ресей кезіндегі алабүйрек аларман, содан соң социализм кезіндегі жемқорлыққа, жебірлікке ұласты. Бүгінгі алаяқтық осы социалистік жемқорлықтың аясында, арнасында жетілген, көркейген. Біз бұрынғы метрополияның барлық жаман қасиеттерін, барлық азғын дағдыларын мұраландық.
Эмиграцияда өлген орыстың бір ғалымы: «Ем қонбайтын, алаяқтар мен нақұрыстардан тұратын қоғам ешқандай реформаға қарамастан бірін-бірі алдап өмір сүре береді және мүшелері аталған «қасиеттерінен» арылмайынша, ол қоғам ешқандай кісілік пен ізгілік туғыза алмайтын рухани бедеу күйінде қалмақ» депті.
Халқымыздың болашағы бар ма? Бар. Ең бастысы, біз тарихтың ең ауыр өткелдерінен жүгіміз ауса да аман өттік. Содан соң біздің санымыз көп, болашақ биологиялық комбинацияларға, болашақ селекцияға жетерліктей көп. Алайда, аяқ астынан керемет болады дегенге сеніп керегі жоқ. Қоғамның алдында сан ғасырлық ауыр еңбек күтіп тұр. Адам – оның қайталанбас тіршілігі, құқығы, игілігі, кісілігі мен намысы: басты қазынаға, басты құндылыққа айналуға тиіс. «Адам, адам ең бастысы адам. Адам – ақшадан қымбат. Адамды ешбір базардан сатып ала алмайсың, себебі олар сатылмайды да, сатып алынбайды да. Адам ғасырлар бойы тәрбиеленіп қана адам болып шығады», – деген еді Достоевский.
Содан кейінгі басты шарттың бірі – бейбітшілік болуы керек. Ұлы әлеуметтанушы Ле Пле бейбітшілікті адамзаттың басты Конституциясы деп есептеген. Өз заманының дегдар деген білімділерінің көбі «бейбітшілік, бейбітшілік» дегеннен танбаған. Әрине, біздің егемендігіміздің тарихынан талай әнтек басқан қадам, талай қатені табуға болады. Алайда біздің Президентіміздің саясатының қашанда болсын айнымас, озық бір сипаты бар. Ол – оның бейбітшілікті қамтамасыз ету жолын дағы түбегейлі, жүйелі күресі. Және бұл Қазақстан шегіндегі ғана емес, бүкіл аймақ шегіндегі бейбітшілік үшін күрес. Міне, біздің болашақ туралы үмітіміздің тиянағы осы.
Біз қандай халықпыз? Кімдер едік, кімдер болдық? 1456 жылдан бастап бес ғасыр кескілес барысында биологиялық ең текті, таза, ғазизлеген қанымыздан айрылдық. Бес ғасырға созылған соғыстың, бес жүз жылдық «кері селекцияның» шығынына ешбір генофонд төтеп бере алмайды. Керей мен Жәнібек, Еңсегей бойлы ер Есім, Салқам Жәңгір мен Абылай заманының қазақтарын былай қойып қойыңыз, тіпті Абай заманындағы қазақтармен қай жағынан болса да шендесе алмаймыз. Иә, иә, таңқалмаңыз, себебі қандай тайғақ кешуден өтсе де, қазақтың қаны өшіп бара жатқан инерция бойынша Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан сияқты тұлғаларды жаратты.Кері селекцияның нәтижесінен болған биологиялық апат ұлттың бүкіл рухани әлемін күйретті. Егемендік біздің көзіміздегі кіреукені сейілтті. Он тоғыз жылдың егемендік өмірі барысында біз мәдениетіміздің «показуха», сырт көрініс қана екеніне, ал надандығымыздың шетсіз-шексіз екеніне көз жеткіздік. Ешбір жұрт надан, ақылсыз болып жаратылмайды. Халық ақылынан жүре айырылады. Біз ақылынан айырылған ақымақ тобырға айналдық. Біздің бұл интеллектуалдық банкроттығымыз қаншаға созылмақ? Біздің «ғылым» деп жүрген нәрсемізге көз салсаңыз, сонда бұл ахуалдың қанша ғасырға созылатынын шамаларсыз.Біз бір-бірімізді алдап, алаяқ атандық. «Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман» (Абай). Бірақ бір күнде емес. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы кенеусіз барымта, патшалық Ресей кезіндегі алабүйрек аларман, содан соң социализм кезіндегі жемқорлыққа, жебірлікке ұласты. Бүгінгі алаяқтық осы социалистік жемқорлықтың аясында, арнасында жетілген, көркейген. Біз бұрынғы метрополияның барлық жаман қасиеттерін, барлық азғын дағдыларын мұраландық.Эмиграцияда өлген орыстың бір ғалымы: «Ем қонбайтын, алаяқтар мен нақұрыстардан тұратын қоғам ешқандай реформаға қарамастан бірін-бірі алдап өмір сүре береді және мүшелері аталған «қасиеттерінен» арылмайынша, ол қоғам ешқандай кісілік пен ізгілік туғыза алмайтын рухани бедеу күйінде қалмақ» депті.
Халқымыздың болашағы бар ма? Бар. Ең бастысы, біз тарихтың ең ауыр өткелдерінен жүгіміз ауса да аман өттік. Содан соң біздің санымыз көп, болашақ биологиялық комбинацияларға, болашақ селекцияға жетерліктей көп. Алайда, аяқ астынан керемет болады дегенге сеніп керегі жоқ. Қоғамның алдында сан ғасырлық ауыр еңбек күтіп тұр. Адам – оның қайталанбас тіршілігі, құқығы, игілігі, кісілігі мен намысы: басты қазынаға, басты құндылыққа айналуға тиіс. «Адам, адам ең бастысы адам. Адам – ақшадан қымбат. Адамды ешбір базардан сатып ала алмайсың, себебі олар сатылмайды да, сатып алынбайды да. Адам ғасырлар бойы тәрбиеленіп қана адам болып шығады», – деген еді Достоевский.Содан кейінгі басты шарттың бірі – бейбітшілік болуы керек. Ұлы әлеуметтанушы Ле Пле бейбітшілікті адамзаттың басты Конс титуциясы деп есептеген. Өз заманының дегдар деген білімділерінің көбі «бейбітшілік, бейбітшілік» дегеннен танбаған. Әрине, біздің егемендігіміздің тарихынан талай әнтек басқан қадам, талай қатені табуға болады. Алайда, біздің Президентіміздің саясатының қашанда болсын айнымас, озық бір сипаты бар. Ол – оның бейбітшілікті қамтамасыз ету жолын дағы түбегейлі, жүйелі күресі. Және бұл Қазақстан шегіндегі ғана емес, бүкіл аймақ шегіндегі бейбітшілік үшін күрес. Міне, біздің болашақ туралы үмітіміздің тиянағы осы.
Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

http://www.baq.kz/kk/news/33740