АЛТЫНОРДА
Регионы

Биылғы «Қазақстан аруын» халық өзі таңдайтын болады

2013 жылдың еншісінде тұрған «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазын енді қазақстандықтар SMS-дауыс арқылы онлайн түрде өздері дауыс беріп таңдайтын болады. Бұл жөнінде «Қазақстан аруы» байқауының бас директоры Алена Ривлина мәлім етті.

«Қазылар алқасы бар жерде, өкінішке орай, үнемі көңілтолмаушылық орнап жатады. Сондықтан мұндай шешім қабылдау жолынан қашу үшін біз осы әдіске көштік», — дейді байқаудың бас директоры.

Мұнан кейін қазылар алқасы тек «Қазақстан аруына» қатысушылар ішінен ақтық мәреге 10 аруды таңдап алады. Ал жеңімпазды анықтау халықтың еркіне берілмек. Осы арқылы ұйымдастырушылар да аса ауыр жауапкершіліктен құтылады.

Ривлинаның айтуынша, 2012 жылы байқау кезінде «Қазақстан аруы» атанған Жазираны қазылар алқасының бәрі қолдай қоймаған. Жазира Нұрымбетова қазылардың он бесінің тек төртеуінің ғана дауысын жинаса да, жеңімпаз атанды.

Енді болашақта сіз бен біз болып, қазақ аруын бірге таңдайтын боламыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

http://massaget.kz/madeniet/persona/8111