Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 deputat-2Ауыл шаруашылығына субсидия 68 пайызға өсті. Бұл туралы  Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов мәлім етті.
«2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,5 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,8 пайызға артық. Саланы дамытуға 208 млрд. теңге жұмсалып, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғарылады.  Ал, 2015 жылы 227 млрд. теңге қаржы бөлініп, оның деңгейі 2014 жылғыдан 9 пайызға артық қаржы жоспарланып отыр», — деді депутат.
Сонымен қатар Қуаныш Айтаханов салаға мемлекеттің беретін қолдауы жыл сайын артып жатқандығын айта келе, 2013 жылмен салыстырғанда субсидия көлемі екі есеге, яғни 88 миллиард теңгеден 148 миллиард теңгеге дейін немесе 68 пайызға өскендігін атап өтті.
Айта кетейік, Үкімет нақтылаған 2015 жылдың бюджеті туралы заң жобасында бюджет тапшылығына қарамай, ауыл шаруашылығына 20 млрд. теңге қосымша қаржы бөлу ұсынылып отыр.
Сенатордың пайымынша, алдағы кезде ауыл шаруашылығы  саласын тұрақты түрде дамытып, елімізде азық-түлік өнімдерінің молшылығын жасау үшін ауыл шаруашылығын әртартандыру, мамандандыру, ірілендіру, ауылдағы шағын және орта бизнесті барынша дамытып, арзан әрі сапалы мол өнім алып, еңбек өнімділігін арттыру қажет.
Оның айтуынша, бүгінде Агроөнеркәсіп кешені саласында 7 мыңнан астам заңды тұлғалар мен 200 мыңға жуық шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Жалпы барлығы республика халқының 2 миллионы осы салада жұмыспен қамтылған.

http://zhebe.com/

Рубрика: