Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 20 наурыз. BAQ.KZ — Жуырда Қазақстандағы газет-журналдардың барлығында дерлік өз Интернет-сайттары болады. Биылғы жылдың өзінде «Қазконтент» АҚ-ы 400 басылымға ғаламтордан сайт ашып беруді жоспарлап отыр. Тек қаңтар-ақпан айларының өзінде 70 газеттің электронды нұсқасы пайдалануға берілген.

Естеріңізге салайық, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен ақпан айында өткен алқалы жиында аталған мәселе жіті назарға алынған болатын. Хатшы тек басылымдар ғана емес, тіпті әрбір мемлекеттік органның әлеуметтік желілерде өз парақшалары болуы керек деп тапсырған.
Бүгінде «Қазконтент» АҚ-ы 28 мемлекеттік органның  ғаламтор-ресурстарына талдау жұмыстары жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазтелерадио» АҚ-ы бірлесе отырып, 2012 жылдан бастап otautv.kz порталы арқылы отандық телерадиоконтентті транслияциялау мәселесі де қаралған. Оның көмегімен 37 телерадиоарнаны on-line арқылы қараудың мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бір мезетте 500 қолданушы порталдың мүмкіндігін тұтына алады.
http://baq.kz/news/25065

Рубрика: