АЛТЫНОРДА
Новости

Биыл 21 ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің одақтастығы жөніндегі келісімге қол қойылады – С.Лавров .

ffaef60b903362d7b810fd92fc37d371 Биыл 21 ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің одақтастығы жөніндегі келісімге қол қойылады. Бұл жөнінде бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездескен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік – бұл біздің халқымыздың баға жетпес қазынасы. Екіжақты ынтымақтастықтың қағидасы екі ел арасындағы достық, серіктестік пен өзара көмек жөніндегі 1992 жылғы келісімде бекітілген. Ол 2012 жылы тағы бір онжылдық кезеңге ұзартылды», — деді Лавров.

Оның айтуынша, Путин мен Назарбаевтың тапсырмалары бойынша қазіргі уақытта 21 ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің көршілігі мен одақтастығы жөніндегі келісімді әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл келісімге биылғы жылы қол қою жоспарланып отыр. Бұл құжат біздің елдердің арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруді көздейді», — деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, жалпы тауар айналымында екі елдің шекаралас тауар айналымы қырық пайыз шамасында. Биылғы жылы Екатеринбургте Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының мерейтойлық оныншы форумының отырысы өтеді. Оған Мемлекет басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Айымгүл ӘБІЛЕВА


http://bnews.kz