Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 13 қаңтар. Baq.kz — Отандық ЖОО-дарының сегіз студенті «Болашақ миллионер» байқауының жеңімпазы атанды. Олар 1 млн теңгемен қатар өз ісін бастау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі АТФ Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Байқау шарттары бойынша, қатысушылар 1 млн теңгеге есептелген, Қазақстанда теңдесі жоқ бизнес-идеяны рәсімдеп, жолдауы қажет болды. Олар бизнес-жоспарды егжей-тегжейлі жазып беруі тиіс еді. Барлығы 200 өтініш қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша, сегіз студент жеңімпаз атанды.

«Студенттер ақшалай сыйақы алып қана қоймай, жарты жыл бойы бизнес жүргізу саласында барлық мәселелер бойынша «АТФБанк» АҚ сарапшыларынан тегін кеңес ала алады», — делінген ақпаратта.

 

http://baq.kz/kk/news/42003

Рубрика: