Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 27 наурыз. Baq.kz — Қазақ анимациясы тарихындағы тұңғыш толықметражды «Ер Төстік және Айдаһар» мультфильмі наурыздың 21-інде прокатқа шығып, бүгінде 31,3 млн теңге жинап отыр. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз-қызметі мәлімдеді.  

 

Наурыз мерекесі қарсаңында «Ер Төстік және Айдаһар» анимациялық фильмі DreamWorks Entertainment ұсынған «Семейка Крудс» және «Джек — покорителем великанов» атты мультфильмдермен қатар прокатқа шыққан болатын. Айта кету керек, мультипликациялық фильмді жасауға 1,2 млн доллар жұмсалыпты.
«Ер Төстік және Айдаһарды» жасауға үш жылдай уақыт кетті. Ертегіні экранға шығару үшін аянбай тер төккен топ құрамына 50-ге жуық адам жұмылдырылды. Басында мультфильмді 2D технологиясы бойынша көрерменге ұсыну ойластырылғанымен, уақыт өте ертегіні 3D жанрында шығару туралы шешімге келген. Оқиға қазақ ертегісі желісіне негізделіп, ержүрек батыр Ертөстіктің Айдаһар кейпіне енген жерасты әлеміндегі зұлым күштерімен айқасын суреттейді.
Режиссер Рүстем Тұралиев мультфильмді кинотеатрда тамашалауға кеңес берді. «Көрермен өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезінсін деген ниетпен, анимация мен оның дыбысын  кинотеатрдан қарауға ыңғайлы етіп жасадық»,-деді ол.

 

http://baq.kz/news/25321

Рубрика: