Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сіз не дейсіз?

Бүгінде өндірістің жаңа серпінмен дамуы инженер кадр­ларын даярлаудың сапалық деңгейін көтеруді талап етіп отырғаны мәлім. Экономиканы индустриялық-инновациялық жаңғырту міндеттерін іске асырудың салмақты жүгі техникалық оқу орындарының түлектері үлесіне тимек. Аталған саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешудің жолдары табылуы қалай?

«Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі Айқын Несіпбай Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті тау-кен институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Ибадолла Арыстанға:

– Сіз бұған не дейсіз?
–Біздің университет тара­пынан бұл бағыттағы іс-ізде­ніс­тер айтуға тұрарлық деуге болады. Алдымен атаған­да, ке­зінде шәкірттердің білімдерін өндіріспен тікелей ұштастырып, тереңдете алу мүмкіндігі толық қалпына келті­рілді. Мұның үстіне ше­тел­­дік оқу орындарының дуаль­ді оқыту жүйесін енгізу болашақ инженерлер сапын сапалы толықтыруға жол кеңейте түсті. Соның талабына сәйкес, олар оқу уақытының үлкен бөлігін кәсіпорындарда өткізу арқылы теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауға қол жеткізіп жүр.
Бұл үшін оқу орнымыз жанынан корпоративтік университет құрылды. Осыған байланысты басты мақсат өндірістік буындармен өзара тиімді қарым-қатынасты орнықтыру, яки оларға қажетті мамандарды бірлескен іс-қимылда, тиісті келісім-шарттар бойынша даяр­лау болатын. Бір тәуірі, ынта­шыл бастамамыз қолдау тапты. Басында 40 кәсіпорын қос­таса, бүгінде қатары 80-ге жетіп отыр. Бұлардың ішінде «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы, «Қазақмыс» корпорациясы, Қарағанды машина жасау холдингі секілді алыптар бар. Осы ынтымақтастық мәнін түйіндеп түсіндіргенде, мәселен, университет өндіріс орындарында кафедралар филиалдарын құру арқылы түлектердің тікелей іс үстінде ысылуына жағдай туғызса, кәсіпорындар мамандар білік­тілігін өздерінде сынап, инженерлері құрамын толық­тыра алатын болады.
– Бүгінде университетте аймақ экономикасының тау-кен ісі, машина жасау, құ­ры­лыс сияқты басым салалары­на жоғары білікті мамандар даярлауға арналған 4 ірі ғыл­ы­ми-өндірістік орталық жұмыс істейді. Осы орайда франциялық «Tотал» мұнай ком­паниясымен бірлесіп құрыл­ған дәнекерлеу ісі орта­лығын орынды мақтаныш тұтамыз. Мұнда машина жасау факультетінің шәкірттері 2-ші курстан бастап заманауи құрал-жабдықтарда шебер­лік ұштайды. Түлектерге дәне­керлеу бойынша халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Соның арқасында аталған ком­панияның қандай да құры­лымында жұмысқа орналаса алуларына мүмкіндік бар. Ал корпоротивтік универ­ситет жүйесі арқылы 66 кәсіп­орынмен арада жасалған келі­сім-шарт бойынша 608 маман даярланды. Бәрі еңбекке тартылды. Қазір 2 мыңға тарта шәкірт өндірістерде құрылған арнаулы кафедралардың 55 филиалында осы жолдан өтуде. Алдағы уақытта оқыту үдерісі көлемінің кем дегенде 55 пайызын кәсіпорындар цехтарына ауыстыру көзделіп отыр.

ҚАРАҒАНДЫ.

 

http://www.egemen.kz

Рубрика: