АЛТЫНОРДА
Новости

Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты әнші деп мойындамайды

АСТАНА. 7 қазан. BAQ.KZ – КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты дарынсыздығы үшін сынап, қазіргі эстрадада сол сияқты «біркүндік жұлдыздардың» толып кеткенін айтты, — деп жазады «Литер».

 «Бұл бала туралы сіз маған тіпті ештеңе айтпаңыз! Мен оны тыңдамаймын және мойындамаймын. Бұл өнер емес – бұзылғандық! Ол тек қана жастарды бүлдіреді, жалғыз ғана айта алатыным, эстрадада болып жатқан нәрсенің барлығы — мына трам-тарарам, оның үстіне, ешқандай білімі жоқтар. Кәсіпқойлар мені қолдайды деп ойлаймын, біз үшін мұндай орындаушылар жоқ», — деді КСРО халық әртісі.

Төлегенова мұндай жұлдыздардың «өнері» кім болса, соның қолынан келетінін айтты. «Оларды әнші деп айта алмайсың, олардың музыкалық білімі жоқ. Бұрын Халық шығармашылығы үйі болатын, міне сонда да осындай «орындаушылар» көп болды. Әнші болу үшін кең диапазон керек. Ал мынадай әндерді сіз де, тіпті, барлығы да айта алады. Жастар осындайларды жақсы көреді, ол сәнді. Бұл сөредегі киім секілді ғой, ертең оның да сәні қалады және бәрі оны ұмытады. Мұнда да сол. Сіздің өзіңіз бұрынғы «жұлдыздардан» кімді танисыз? Ешкімді!» — деді опера әншісі.

 http://baq.kz/kk/news/54193