Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Франция, Украина, Германия және Ресей сыртқы істер министрлері (солдан оңға қарай) Лоран Фабиус, Павел Климкин, Франк-Вальтер Штайнмайер және Сергей Лавров. Берлин, 17 тамыз 2014 жыл.Франция, Украина, Германия және Ресей сыртқы істер министрлері (солдан оңға қарай) Лоран Фабиус, Павел Климкин, Франк-Вальтер Штайнмайер және Сергей Лавров. Берлин, 17 тамыз 2014 жыл.

Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер жексенбіде Берлинде басталған Украина дағдарысына қатысты келіссөздер «күрделі» өтіп жатқанымен, «ілгерілеушілік барын» мәлімдеді- деп жазады «Азаттық» радиосы.Штайнмайер бұл жайында 17 тамыз күні Ресей, Украина мен Франция сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Павел Климкин және Лоран Фабиуспен төрт сағатқа созылған кездесуден соң айтты.

«Біз кейбір шарттар бойынша бірқатар жетістікке жеттік деп ойлаймын» деді Германия сыртқы істер министрі.

Францияның дипломатиялық арналарына сілтеме жасаған France Press агенттігі «келіссөздер ауаны нашарлау болғанымен, алға жылжушылық барын» хабарлайды.

Штайнмайер министрлер президенттерін кездесу барысынан хабардар етіп, 18-19 тамыз күндері келіссөздерді қай бағытта жалғастыру жайын білдіреді дейді. Ол министрлер негізі Украинаның шығысында бітім жасасу және Ресей-Украина шекарасында бақылауды күшейту жайын талқылап жатқанын айтады.

17 тамыз күні Украина әскери басшылары үкімет күштері сепаратистер бақылауындағы Луганск қаласында полиция бөлімшесін қайтарып алғанын хабарлаған. Ресеймен шекаралас бұл қалана қазір украин әскері қоршап тұр.

Киев Ресейді соңғы тәулікте Украинаның шығысына қосымша әскери техника кіргізіп жатыр деп айыптады.

http://alashainasy.kz/sabaktar/53121/

Рубрика: