Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бельгия үкіметі бүгін Брюссель мен Антверпен қалаларында 300-ге жуық әскери қызметкерлер көшедегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шыққаны туралы хабарлады. Бұл екі қалада еврей қауымдастығы өкілдерінің айтарлықтай бөлігі тұрады.

Сонымен бірге, қаңтардың 15-і күні исламшылар болуы мүмкін деген күдікке ілінгендерге қарсы полиция арнайы операция жүргізген Вервье қаласына да әскерилер жіберілуі мүмкін. Аталған операция кезінде күдіктілердің екеуі оққа ұшып, біреуі қолға түскен еді. Ұсталған адам өзінің ешбір террорлық іс-әрекеттерге қатысы жоқ екендігін айтып отырғаны хабарланған.

Бейсенбі күнгі операциядан кейін Бельгия қауіпсіздік күштері ел көлемінде жүргізілген рейдтер барысында 13 адамды ұстаған. Олардың бесеуіне «террорлық іс-әрекетке қатысқан» деген айып тағылған. Биліктің хабарлауынша, ұсталғандардың кейбірі Сирияда болып, сондағы исламшыл топтардың белсенділерімен кездескен.

Бұдан өзге, Францияда қаңтардың 15-і күні жүргізілген тергеу шаралары аясында 12 адам ұсталған. Осы айда Париждегі шабуылдар мен оларға күдіктілерді ұстау операциялары кезінде барлығы 17 адам мерт болған еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150117/330/330.html?id=26799179

Рубрика: