Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

02-11-13-ermek_tursunovБелгілі жазушы, сценарист және режиссер Ермек Тұрсынов қазіргі Қазақстан элитасын сынға алды. «Литер» газетіне берген сұхбатында ол бүгінгі зиялы қауым өкілдері «тарихқа да, мәдениетке де, әлдекімге ұқсауға да мүлдем қызықпайды», «тек қана елді тонаумен айналысады» дегенді жайып салды.

«Біздің элитаның елімізге рухани құбылыс ретінде, мәдени құбылыс ретінде қарауға түкіргені бар сияқты болып көрінеді. Барлық жоғары қауым, соның ішінде грант алу үшін, әлдеқандай қызмет, атақ, ордендер мен медальдар, қоғамда белгілі бір орын алу үшін ұдайы жүгіріп жүретін шығармашылық өкілдері де кейде адамдық деңгейлерінен төмен кетіп жатады. Бұл — ақшаға, грантқа, ұстанымға деген құлдық пиғыл», — деді режиссер.

Тұрсыновтың пікірінше, элита мен бұқара бір-бірлерін мойындамайды. «Осы жерден біздің қоғамдағы төзімсіздік, қаскөйлік, осы жерден өзін-өзі қорлаушылық, ешқандай бірліктің болмауы, бір-бірінен жиіркенушілік пен зұлымдық туындап жатады. Интернет және тіпті бұқаралық ақпарат құралдарының өзі қазір таза емес әрекеттерге толып кетті», — деген тұжырым жасады режиссер.

Жазушы бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы мәдениеті төмен адамдарды елдің элитасы құрамынан аластау деп біледі. «Мысалы, Мұқағалидан жатқа бір жол айтып бере алмаған, Шәкәрім туралы ештеңе білмейтін, Абайдың философиясы мен Құрманғазының күйлерінен мақұрым адам бірді-бір маңызды мекеменің табалдырығынан аттай алмауы тиіс. Былайша айтқанда, мұндай адамдар саяси элитада да, парламентте де, мемлекеттік арналарда да болмауы керек. Бұлай болмас үшін жәй ғана мәдени фейс бақылау орнатқан жөн секілді», — деп түйеді ойын ол.

Мұрат Айтқожа.

http://www.egemen.kz

Рубрика: