АЛТЫНОРДА
Новости

Беларусь пен Ресей сауданы доллармен жасайтын болды

Беларусь премьер-министрі орынбасары Михаил Русый «Минск пен Мәскеу Беларусьтен Ресейге экспортталатын тауарлардың бағасын доллармен есептеуге келісті» деп мәлімдеді.

Беларусь вице-премьерінің айтуынша, «Ресей жағы бұл ұсыныспен жұмыс істеу ыңғайлы болғандықтан келіскен».  Михаил Русый «өйткені, контрактілерді қайта-қайта өзгертіп отыру қиын, әрі доллармен есептескен жағдайда екі жақ бір-біріне күдік келтірмейді» дейді.

Русый «Ресей мен Беларусьтің азық-түлік балансын да келіскенін» айтады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ол жоспар (баланс) екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктерінің алқа отырысында бекітіледі.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141221/330/330.html?id=26754901