Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

888Қараша айының орта тұсында америкалық жұлдыз Beyonce тағы да Қазақстанға келетін болады, — деп хабарлайды«Массагет» Season.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты отандық продюсерлердің бірі растап отыр. Beyonce осы сапарында қазақстандық танымал әншімен бірге дуэт орындайды екен. Әншіні Қазақстандағы алдыңғы қатарлы бизнесмендердің бірі туған күн мерекесіне шақыртып отыр.

Beyonce Оңтүстік астанамызға ағымдағы жылдың 16 қарашасында келеді. Қазір поп-бикеш Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы гастролдік сапарларында жүр. Әнші 9 қарашаға дейін сол аймақтарда болады.

Ол біздің елде кең танымал болған «Sweet Dreams», «Halo», «I Am… Sasha Fierce» сынды әндерінен басқа, Роза Рымбаевамен бірге «Әлия» әнін шырқайды деп жоспарлануда.

Бизнесменнің осы дуэт үшін аз ақша төлемейтіндігі айдан анық. Қазіргі уақытта америкалық әншімен тағы да бір дуэт орындауға мүмкіндік алу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Читать полностью: http://news.nur.kz/286353.html

Рубрика: