Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_0803be68dcc3b31bfb521537a01641ddАстана. 1 тамыз. Baq.kz – Баға жетпес өзгеше қазынаны Түменнің мемлекеттік мәдени, өнер және әлеуметтік технология академиясының ұстаздары мен шәкірттері тауып алған. Археологиялық қазба жұмыстары Түменге жақын орналасқан Андреев көлінің жағалауындағы Х-ХІ ғасырда жасаған қала орнында жүргізілді.

Зерттеу барысында табылған 2 келідей мыстан жасалған бақыраштың ішінен әрбіреуі 200 грамм тартатын 4 күміс тиын мен өзге де әшекейлер шыққан. Бұл жайында тарих ғалымдарының кандидаты Алексей Гордиенко хабарлады. Археологтардың айтуынша, бұл қазынаны кезінде Еділ бойындағы Бұлғарлар әкелген.
Бақыраштың ішінен, сондай-ақ, Х-ХІ ғасырға тиесілі араб шақалары табылған. Араб шақаларының осы өлкеден алғаш рет табылып отырғанын айта кету керек. Бұл жайында zhelezyaka.com хабар таратты.
Андреев көлінің маңында қазба жұмыстары сонау ХІХ ғасырдан бері жүргізіліп келеді. Содан бері түрлі дәуірге тиесілі бірнеше елдімекеннің орны табылған. Мәселен, экспедиция мүшелері орта ғасырдың бас кезіне тиесілі мансилердің сыйынатын көне киелі орнын анықтаған. Сонымен қатар, Орта Азиядан әкелінген қару-жарақ түрлері, қоладан соғылған әшекейлер мен күмістен жасалған ыдыс-аяқ түрлері табылған.

muslim.kz

Рубрика: