АЛТЫНОРДА
Новости

Батырхан Шүкеновтің қатысуымен түсірілген музыкалық комедия көрермендерге жол тартады

АСТАНА. 29 наурыз. Baq.kz — «Қазақфильм» киностудиясы ұсынған «Оқытушы» («Препод») атты жастар музыкалық комедиясы 2 мамырда қазақстандық прокатқа шығады. Бұл туралы кино продюсері Сино Ализода мәлімдеген болатын.

 

Батырхан Шөкенов туындының музыкалық продюсеры ғана болып қоймай, эпизодттық рөлдердің бірін сомдаған көрінеді. Продюсердің айтуына қарағанда, Батырхан музыкалық сүйемелдеуді жасау үшін шет елдердердің кәсіпқой мамандарын тартуға көмектескен. «Кино көрермендердің назарына ұсынылған соң, киносүйер қауымға жаңа жұлдыздардың есімі белгілі болады» деп толықтырды ол.
Оқиға желісі «Орда» тобының мүшесі Дастан Оразбеков сомдаған жас жігіттің ғашық болған арудың жүрегін жаулап алу жолындағы әрекеттерін баяндайды. Ғашық жігіт арманындағы аруға бір табан жақын болу үшін күтпеген әрекетке барады. Сүйіктісі (Айсұлу Әзімбаева) оқитын оқу орнына барып, өзін оқытушы деп таныстырады.
Туындының режиссерлері литвалық Славомир Леонтьев пен латыш Виктор Вилкс Ресейдің танымал әншісі Земфира, «Би-2» мен «Мумий Тролль» топтарының бейнеклиптерін түсірген еңбектерімен көпшілікке таныс.
Киноны түсіру екі айға созылып, Астана мен Алматы қалаларында өтті. Сондай-ақ, продюсер сценарийді жазуда голливудтың «Поймай меня, если сможешь» пен «Быть Стэнли Кубриком» фильмдерінен шабыт алғандарын алға тартты.
 

Сурет  VOX POPULI сайтынан алынған

http://www.baq.kz/news/25444