Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 7 ақпан. BAQ.kz – Қазақ әншісі Батырхан Шүкенов өзін басқа қырынан көрсетпекші. Ол «Преподы» сериалына продюсерлік етті, деп хабарлайды «Экспресс К». Сериалда ол өзін өзі сомдаған.

Батырханның айтуынша, кино оның өміріне үлкен ықпал жасаған. Бес жасында үнді фильмінен Лата Мангешкардың даусын естіген Батыр алдағы өмірінің музыкамен тығыз байланыста болуы керек екенін түсінген көрінеді.
«Преподы» сериалы Алматыда түсіріліпті. Режиссері – Земфира клиптерінің авторы Виктор Вилкс. Фильмнің тұсаукесері осы жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «А-Студио» тобының бұрынғы әншісі Қазақстанның бірнеше қаласында концерт беріп, жаңа дискісін тыңдарманына ұсынбақшы.

Фото: voxpopuli.kz

Рубрика: