Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қан майданда от кешкен 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры жайлы сериал түсірілмек. Ұлы Отан соғысында от кешкен 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры жайлы сериал түсірілмек. Бұл туралы ҚР «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаров мәлім етті.

«Қатары сиреп бара жатқан батырларымыз жайлы деректі кино түсіру көптен бері ойымызда жүр. Қазақ КСР-ның Екінші дүниежүзілік соғысқа қосқан үлесі жайлы фильмге әр батырдың өмірі мен еңбегі жайлы 3-9 минуттық үзінді қосылады. Біз әр облыстағы мемлекеттік органдар мен архив қызметкерлерін көмектесуге шақырамыз. Өйткені, қазір бізге әр облыстан батыр атағындағы қанша көше, ауыл бар екенін, қандай спорттық және мәдени турнирлер өткізіл тұратыны жайлы ақпарат қажет», — деді ҚР «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаров.
Қазір 510 кеңес одағының батыры жайлы мәліметтер толық жиналған. ҚР ІІМ аталған жұмысқа жергілікті учаскелік инспекторларды жұмылдырып отыр.
«Екінші дүниежүзілік соғысқа барлығы 72 мемлекет қатысып, 60 млн. адам ажал құшқан, 110 млн. адам жараланды. Ал Қазақстаннан қан майданға 1 200 000 адам аттанды. Оның ішінде 600 мың адам майданда қаза болды. Бір ғана Шығыс Қазақстан облысынан 111 Кеңес Одағының Батыры шыққан. Осыдан-ақ, Қазақстанның отанын қорғауға қосқан үлесінің зор екендігін көруге болады», — деп қорытындылады генерал-майор Рүстем Қайдаров — ҚазАқпарат.
 Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/articles/view/48501

Рубрика: