Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украинаның «Батькивщина» партиясының сайлау тізімінде бірінші болып қазір Ресейде қамауда отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченконың аты-жөні тұратын болды.

Жексенбі күні Киевте өткен съезде сөйлеген «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко партияның сайлау тізіміндегі өзі тұрған бірінші орынға «бүгінде әлемде Украина үшін күрес символына айналған» Савченконы қойған дұрыс деп санайтынын мәлімдеді.

Съезд бекіткен партия тізімінде Тимошенко екінші болып тұр. Онан кейін бұл тізімге Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігінің мәдениет және туризм комиссиясының басшысы, еуромайдан белсендісі Игорь Луценко, Жоғарғы Радада «Батькивщина» партиясының фракция жетекшісі болған Сергей Соболев және қоғам қайраткері әрі құқыққорғаушы Алена Шкрум енгізілді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140915/330/330.html?id=26584233

Рубрика: