Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

fnfv,ftdҚырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев «Әзірбайжан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қырғызстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі араларында Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қырғыз Республикасы Заңына қол қойды.

Аталған Заңды Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші осы жылдың маусым айының 25 күні мақұлдаған болатын. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген Түркі академиясына қатысты аталған келісімге 2012 жылдың 23 тамызында Бішкек қаласында қол қойылған болатын.

Келісімде «құрушы төрт мемлекеттің үшеуі құжатқа қол қойып, мақұлдаса Түркі академиясы ұйымы халықаралық мәртебе алады» делінген. Бұған дейін аталған заңды Әзірбайжан мен Түркия Парламенттері мақұлдап, Президенттері қол қойған болатын. Осылайша заңды ратификациялаған елдердің саны үшке жетті.

2010 жылы Астанада ашылып, Қазақстанның қолдауымен жұмыс істеп келген Түркі академиясы алдағы бір айдың ішінде түгел түркі халқына ортақ халықаралық ұйым ретінде жұмысын бастайды.

 

Түркі академиясының баспасөз қызметі 

Рубрика: