АЛТЫНОРДА
Новости

Бас мүфти: Қазақтың киімін киіп-ақ әуретіңді жаба аласың!

72443dae4c159f9b15052329bf4b3448Кеше Астанадағы «Президент телерадиокешені» ғимаратында белсенді жастармен кездесуі өткізген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Исламның тамақ пен киімге қояр талаптары туралы түсіндірді. Бас мүфтидің айтуынша, жат жұрттың киімін мұсылмандық белгісіне балап жүргендеп көп.

«Біздің жастарымыз еліктегіш қой. Кейбір балалар Пәкістанның кимін киіп жүреді. Кейі арабтың, кейі үндінің кимін киіп алады. Оны өздерінше «сүннет» деп түсіндіріп бағады. Исламда тамақ пен киімнің түріне сүннет жоқ. Басқа ұлттың кимін киіп жүргендер Исламды дұрыс түсінбейтіндер. Мен өзім Семейде имам болып тұрғанда Пәкістанның кимін киіп жүргендердің талайын шақырып алып: «сүннет – пайғамбарымыздың істеген істері. Пайғамбарымыз дінді Араб түбегінен (хиджаз) таратқан кезде Пәкістан мемлекеті болды ма, болса олар ислам дінін қабылдады ма? Пайғамбарымыз күріш жеген екен деп 24 сағат күріш жемейміз ғой. Тамақ пен киімнің түріне сүннет жоқ» деп айттым. Бауырларымыз түсінбеушіліктен солай жүреді», – деп Бас мүфти дінді дұрыс ұстанумен қатар, киімді де талғаммен кие білудің маңызын мәліметтеді.

«Исламда ұятты жерін жабу деген бар. Бірақ, қазақтың киімін киіп-ақ әуретіңді жаба аласың ғой. Бұрынғы заманда ата-әжелеріміздің киімдері қандай әдемі болған. Тіпті, ол заманның киім-кешегі адамның жасын, дәреже-деңгейін де айқындаған», – деді Ержан Малғажыұлы.

Анар Лепесова 

http://turkystan.kz/