Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_c71596309d744015711dbdde0b1bdfb2Астана. 5 шілде. Baq.kz – Бүгін Бас мүфти Ержан Маямеров Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде құлшылық етуге жиналған қауымды кіріп келе жатқан Рамазан айымен және Астана күнімерекесімен құтықтады.

Әлем мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айы биылғы жылы Астана күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда, еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, жұма намазын оқуға келген елорда жұртшылығын 9 шілде күні басталатын Рамазан мерекесімен және 10 шілде Астана күні мерекесімен құттықтады.

«Осыдан тұп-тура 1 жыл бұрын Астана күнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордамыздың қақ төрінен орын тепкен Алланың үйі «Әзірет Сұлтан» мешітін қала тұрғындарына сыйлаған болатын. Біз, қазақ елі қай заманда тәуелсіз мемлекетте, осындай зәулім мешітте отырып, Аллаға құлшылық етеміз деп ойладық. Сондықтан, құрметті жамағат әуелі Аллаға мың да бір шүкір етейік және халыққа осындай мүмкіндіктер жасап отырған елбасымызға рахмет айтуымыз керек. Рамазан айы мүбарак болсын! Астана күні баршамызға құтты болсын ағайын!», — деді Е. Маямеров.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ

 

http://www.baq.kz

Рубрика: