Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_3354e254eb4c94c08217f137508bde3dАстана. 24 тамыз. Baq.kz – 6 қыркүйекте Астанада жапон шебері Итику Куботаның бірегей кимоно көрмесі ашылады. Бұл туралы Baq. kz тілішісіне Тәуелсіздік сарайының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 Мұндай көрме елімізде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Көрменің ашылуына орай өтетін баспасөз маслихатына кәсіпкер, меценат, Халықаралық қордың негізін қалаушы Шодиева Фаттах Шодиев, Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі, Итику Кубота мұражайының директоры және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысады.

«Шебердің әлемге деген көзқарасы. Итику Кубота кимоносы» атты көрмеге 2010 жылы танымал кәсіпкер әрі меценат Фаттах Шодиев бөлек-бөлек сатылып кетпей, әлем мәдениеті үшін сақтау үшін сатып алған жиынтық қойылады, деп жазылған хабарламада.

http://www.baq.kz/kk/news/34490

Рубрика: