Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

баракБірде кешкісін президент Барак пен оның әйелі Мишель ойламаған тұста тамақтанып алуға мейрамханаға жол тартады. Күн тәртібінде болмаған мейрамхана тым көріксіз де емес еді.

Қонақтар үстелге келіп жайғаса бергенде, мейрамхананың қожайыны Обаманың күзетшісіне барып, бір ауыз өтінішін айтып көрген. Өтініш бойынша күзетші бірінші қатарда отырған сұлу келіншекке кеткенде, сол аралықта Мишель мен мейрамхана қожайының арасында әңгіме орын алыпты.

Әңгімелері біткен соң, Обама Мишельден сұрап жатыр дейді:

— Сенімен сөйлесуге сонша қатты ықылас танытқаны не?

Мишель болса әлгі ердің бойжеткен күнінде өзіне қатты ғашық болғанын айтып беріпті.

Обама сол кезде:

— Егер сен сол ерге тұрмысқа шыққанда, бүгінгі таңда осы бір тамаша мейрамхананың иесі атанар ма едің? — деп сұрақ қойған.

Мишель де қарап тұрмай:

— Жоқ. Егер мен оған тұрмысқа шыққанда, онда ол президент болар еді — депті.

сурет:ohnotheydidnt.livejournal.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

massaget.kz

Рубрика: