Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін Польша, Бельгия және Францияға төрт күндік жұмыс сапарын бастайды. Варшавада Обама Польша басшыларымен қатар Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенкомен де кездеспек.

Бельгияда АҚШ президенті «үлкен жетілік» елдерінің өзге басшыларымен келіссөздер жүргізеді. «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Еуропаны Ресейге энергетикалық тәуелділіктен шығару жолдарын және Мәскеуге санкцияларды күшейту жайын талқыламақ.

Обама бұдан соң Францияға барып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германияға қарсы одақтас елдердің Еуропада әскери операциясы басталғанына 70 жыл толуына байланысты Нормандия аймағындағы еске алу шараларына қатысады.

Нормандиядағы шараларға Ресей президенті Владимир Путин де қатысады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін Ақ үй Нормандияда Барак Обаманың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу жоспары жоқ деп мәлімдеген.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140602/330/330.html?id=25406533

Рубрика: