Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

6395c75c88bd68c15ff432524f199a88
АҚШ Президенті Барак Обама көпшіліктің алдында реформаның салдарынан медициналық сақтандыру жоспарларын жоғалтқан американдықтардан кешірім сұрады. 
NBC телеарнасына берген сұхбатында ол денсаулық сақтау саласындағы құрылымға «айқындық жетіспейтініне» өкінетінін мәлімдеді. Президенттің бұл сөздері Obamacare атымен белгілі қол жетімді медициналық көмек бойынша № 2010-заңы күшіне енгеннен кейін де жұрттың сақтандырулары күшін жоймайды деген бірнеше мәрте айтылған уәдесінің орындалмауынан сақтандыру жоспарларынан айырылған азаматтарға арналды.
«Біз реформаны жүзеге асыруда айқын түсіністікке қол жеткізе алмадық. Менің берген кепіліме қарамастан осындай жағдайға тап болғандарыңыз үшін кешірім сұраймын — деді Б.Обама.
Американдықтарға сақтандыру жоспарлары мен субсидиялар алуға көмектесу үшін құрылған HealthCare.gov сайты іске қосылар-қосылмастан жойылды. Сақтандыру компаниялары жаңа стандарттарға сай келмейтін полистерге қызмет көрсетуден бас тартуда.
Б.Обама медициналық сақтандыру туралы заңды жауып, жаңа жүйенің қаншалықты қиын жолмен жүзеге асырылып жатқанын көре отыра оны кері қайтаруға дайын отырғандарды сынға алды. 2013 жылдың қазанында Президент қателіктерді жою жауапкершілігін өз мойнына алатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

http://www.aikyn.kz/articles/view/34909

Рубрика: