Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 13 мамыр. Baq.kz – Бүгін Астанада балаларға ғаламтор қауіпсіздігі мәселелері мен оны реттеу жайттарына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Айтулы шара ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен Қазақстанның интернет қауымдастығы өткізіп отыр.

Жеткіншектердің интернеттегі қауіпсіздігі мәселелерін жан-жақты талқылауға балалардың құқығын қорғау саласындағы құзырлы органдар, құқық қорғаушылар, сондай-ақ сарапшылар мен бизнес-қауымдастық, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белгілі қазақстандық интернет-ресурстардың жетекшілері жиналды. Барлығы ғаламторды «туа сала» меңгеріп жатқан жеткіншектердің интернеттің кері әсерінен алшақ болғанын қалайды. Интернеттің тіс қаққан мамандары болса ғаламторды алдымен ата-ана мен мұғалім жетік білуі тиіс деп есептейді.

«Қазіргі заманның балалары сандық ұрпақ болып табылады. Олар өздерін киберкеңістікте еркін сезініп, жаңа технологияларды дер кезінде танып отырады. Ал, мұндай өзгерістерге, қарқынды дамуға ұстаздар қауымы қаншалықты дайын?», — деген ұйымдастырушылар сауалына әр сала маманы өз зерттеу, ізденістерін ұсынып, осы мәселе төңірегінде пікірлер айтты.

Осы салада жүргізілген зерттеулер қорытындысы көрсеткендей, балалар ғаламтор жайлы мәліметтерді ата-аналарынан артық біледі. Балаларды қажетсіз контенттерден сақтаудың бірнеше әдістері де жоқ емес. Ұйымдастырушы Қазақстанның интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабыровтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін келіп түскен хаттамалардың барлығы шешімін тапқан.
«Өткен жылы біз 329 ақпараттық материал жарияладық. 612 онлайн-хат келіп түсті, 126-сы АҚББО бойынша балалар порнографиясын жариялау бойынша», — деді Ш. Сабыров.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге арнайы шақырылған Google компаниясының өкілі өз компаниясы қолданып отырған бараларға арналған қауіпсіздік құралы мен ұстаздар мен ата-аналардың балаларды ғаламторда қауіпсіздікті ұстай білу тұрғысынан түрлі ұсыныстары айтылды.

«Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей балалар онлайнда танысқан ересек адаммен офлайнда жиі кездесуге дайын тұрады екен. Ал, Еуропада мұндай тоқсан пайыз жағдайда кездеспейді. Өйткені, ата-ана баласымен бұл жайында жиі сөйлеседі. Ресейде бұл әрекет жоқ. Егер ата-ана баланың ғаламтордағы қадамын қадағалап, қауіпсіздік режимі қосылғаны жайлы хабардар болып отырса, интернеттен болар кесел азаяр еді» деді Google компаниясының Ресейдегі өкілі Марина Жунич.

Жиналғандардың айтуынша, «ғаламтордың балаларға кері әсері болмауы үшін ата-ана, ересектер, компьютердің кабелін жұлып, интернеттен ажыратуға дейін бармай, балаларға қауіпсіз интернет жағдайын жасауы қажет» деген сенімде.

Арайлым Бексейітова

 http://baq.kz/kk/news/47059

Рубрика: