Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сәбилердің жіті ішек инфекциясымен ауыруының негізгі себептері ата-ананың емізу кезінде және оларға ас даярлауда жеке бас гигиена ережелерін сақтамауында. Мұндай мәліметті Қызылорда облысы тұтынушылар құқын қорғау департаментінің баспасөз қызметі таратты.

«Жыл сайын облыста жіті ішек инфекциясына шалдыққандардың саны жалпы республикалық көрсеткіштен 2,5-3 есеге артып отырады. Өңіріміз эндемиялық аймақ болып саналады. Мұнда жіті ішек инфекциясы мен вирустық гепатитпен ауыратындар көптеп тіркелген. Вакцинацияға облыс қазынасынан қомақты қаржы бөлінуінің арқасында вирустық гепатитті төмендете алдық. Бірақ, жіті ішек инфекциясына қарсы екпе жоқ. Бұл тек кір қолдың нәтижесі деп айтуға болады. Сондықтан, жіті ішек инфекциясымен ауырып қалмас үшін жеке бас гигиенасын сақтау керек, » деді эпидемиялық бөлімнің бас маманы Жұлдызай Жансүгүрова.

Маманның айтуынша, Қызылорда облысында жыл басынан бері жіті ішек инфекциясын жұқтырғандар саны артып отыр. Мәселен, соңғы екі айдың ішінде өткен жылы осы кезеңдегі уақытпен салыстырғанда көрсеткіш 50 пайызға артқан. Барлығы жіті ішек инфекциясын жұқтырған 147 жағдай тіркеліпті. Оның 76, 2 пайызы — 14 жасқа дейінгі балалар.

Жүргізілген сараптама көрсеткендей көбінде балабақшаға бармайтын балалар ауырады екен. Аурудың негізгі белгілері лоқсу, дене қызуының көтерілуі және диарея.

http://baq.kz/kk/news/45544

Рубрика: