Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

12cf83a2ce44048d9d44fd7ffdf41bd6Бүгінгі нарық заманында ақша ең басты құндылыққа айналды. Дәл қазір «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» дейтұғын заман. Жасыратыны жоқ, үйде отырып, бала бағудың орнына түзде жүріп жұмыс істеп, ақша табуды артық санайтын ата-аналар көбейді.

Әсіресе, жаз мезгілінде далада сенделіп, ата-анасының жұмыстан келуін күтіп жүретін бүлдіршіндерді де жиі кездестіресіз. Қызығы сол, кей ата-аналар үшін үйде отырып бала бағудан гөрі, түзде жүріп ақша тапқан әлдеқайда маңызды екен.
«HeadHunter Қазақстан» зерт­теу компаниясы ел тұрғын­дарына «Үйде отырып бала бақ­қан оңай ма, әлде ақша тап­қанды жөн санайсыз ба?» деген сұрақ қойып, зерттеу жүргізген екен. Зерттеуге қатысқан 2339 адамның 30 пайызы бала бағу­дан гөрі, ақша табуды артық кө­реді екен. Шілде айында жүр­гізілген зерттеуге еліміздің түкпір-түкпірінен 2339 азамат қатысқан. Сұралғандардың 35 пайызы үйдегі балаға әкесі не­месе анасы қарайтынын айтып­ты. Зерттеуге қатысқан ер аза­маттар, яки 61 пайызы үйде отырып бала бағуға қарсы екен. Сауалға жауап бергендердің 28 пайызы баланы әжесімен неме­се атасымен қалдырып, жұмыс істеуді жөн санайды.
Сұралғандардың 13 пайызы баланы күнұзаққа арнайы ме­кемелерге тастап кететін болса, 7 пайызы күтуші жалдауға ша­масы келетінін айтқан. Ал 3 пайызы баласын достарының үйіне қалдырып кетеді екен.
Жасыратыны жоқ. Бүгінгі таңда баланы балабақшаға ор­наластыру да қиындық тудыра­ды. Балабақшаның құны да аспандап тұрғаны белгілі. Әйт­кенмен зерттеуге қатысқан ата-аналардың 15 пайызы бала­сын балабақшаға береді. Әйт­кенмен барлық іске үлгеріп, жан-жақ­тылық танытып жүр­ген әмбебап ата-аналар да бар. Мәселен, зерттеуге қатысқан азаматтар­дың 28 пайызы өз кәсібін жақсы атқарып қана қоймай, бала тәрбиесіне де ден қоя­тынын айтыпты. Бірақ сұ­раққа жауап бергендердің 19 пайызы үшін жұмыс істеу де, бала бағу да қиын жұмыс.
Көңілге медеу боларлығы, балаға ерекше көңіл бөліп, оны тәрбиелеуді барлық істен де артық көретін ата-аналар да та­былды. Мәселен, сұралған­дардың 13 пайызы жұмыс істесе де, бала тәрбиесіне арнайы уақыт бөлетінін айтып, «ұрпақ тәрбиесі ең маңызды іс» деп жауап берген.
Әлбетте, баланы ел мақта­нар азамат етіп тәрбиелеу әрбір ата-ана үшін ең маңызды ша­руа. Әйткенмен ер-азаматтар баланың тәрбиесіне әйелдің мойнына артып қоятыны да жасырын емес. Ал әйелдер қауымы жұмыс істеп жүрсе де, «баланы бағу да, жұмыс істеу де қиын емес» деп жауап қатқан.
«Бала – бауыр етің». Дүние­ге сәби келсе, оны нағыз азамат етіп тәрбиелеу барлық ата-ана үшін маңызды болуы керек. Бас­тысы, ақшаның ізінен жү­гіріп, өміріміздегі ең басты құн­дылық баланы естен шығар­маған дұрыс.

 

Әйгерім ДОСЫМ

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/27248

Рубрика: