Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматы облысы Талғар ауданының Талдыбұлақ ауылында тұратын 80 жастағы зейнеткер Мұқаметқали Малдыбеков бар ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Қарияның сан алуан қырының бірі сурет салу өнерін көп адам біле бермейді.

Ол зейнеткерлік демалысқа шыққан соң өзінің бала күндегі арманы сурет салуды шындап қолға алған. Суретшінің алуан тақырыптағы картиналары соның дәлелі.
Әкесінен жастай айырылып, ана тәр­бие­­сін көрген бала Қытайдың Сүйдің қал­а­сын­­да 7 сыныпты жақсы бітіріп, үлгілі оқу­шы қатарында көрінген. Мектеп пар­­­­­­­­тасында ойындағы қиялын ақ қағаз бе­тіне түсіріп, су­рет әлеміне талпынған. Тек үлкендердің ақы­лымен Құлжадағы педагогикалық учи­лищеге түсіп, онда химия-биология пәнінің мұғалімі деген мамандық алып шығып, 1956 – 1959-жылдар аралығында мектепте мұ­ғалім болуы бала күнгі арманынан аз да бол­са да алыстатады. Сабақты оқушы сана­сына жеткізуге ынта-шынтасымен беріліп жұмыс істеді. Ізденісі мен білімділігінің ар­қасында шәкірттер жүрегінен орын ала­ды. 1959 жылы ата-бабасының тарихи ота­ны­­на оралған соң, Алматыдағы Абай атын­да­­ғы педагогикалық институттың хи­­мия-био­логия факультетіне түсіп, ұстаз­дық жолын Райым­бек ауданындағы Қарасаз ауы­лында жал­ғастырады. Тәжірибелі ұстаз оқу­шы­ларға сабақ беруге тиянақты дайындалып, хи­мия мен биология пәнін оқушыға терең тү­сіндіруге бар уақытын арнады. Осы жыл­дары Мұқаметқали қария өзі жаңадан тұр­ғызған үйінің көше жағындағы қабырғасына арыс­танның бұғыны қуып бара жатқан бей­не­сін батпақпен салып, ауылды бір тан­дан­дырды. Көп адам біле бермейтін сурет­шілік құ­пиясы да ашылады. Алайда мектептегі ұс­­таз­дығы оны сурет әлемінен алыстатып жі­береді. Қолы қалт еткенде ғана қылқа­ла­мын алып, ойындағы картиналарды салып жүреді.
Қарасазда ұзақ жыл ұстаздық еткен Мұ­қаметқали қария бұдан кейін Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы мектепте жұмысын жалғастырды. Білікті маман 40 жылдай сан мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, еңбегінің же­місін де көреді. Қарияның сурет өнерін­дегі еңбегі тек үйде қолы қалт еткен сәттегі шы­ғармашылығы болып қалғанымен, оны да­мытып отыруды ұмытпайды. Біз қарт ұс­таздың сол еңбекті көру үшін үйіне арнайы ба­рып, шеберханасында әңгімеге тартқан едік.
– Түрлі-түсті бояумен жұмыс жасау оңай шаруа емес. Сонда да мектепте қолым қалт ет­кенде сурет салуға уақыт табатынмын. Ал қа­зір қолым бос, уақыт көп. Өткен өмі­рім­нің көріністері көз алдымда. Соның көбін су­ретіме арқау етудемін. Мамандығым хи­мик-биолог болғандықтан бар уақытымды оқушыға терең білім беруге арнадым. Олар­дың арман қиялдарын қанаттандыруға уа­қытымды көбірек жұмсадым. Мұғалімнің бі­лімді де білгір, өз мамандығын жақсы білу­мен қатар жан-жақты болуы керек де­ген ұстанымды ұстадым.
1957 жылдан бері жинаған кітаптар мен га­зет-журналдардың керектісін кейде іске асы­ратын кездерім де болды. Бұл білген ада­мға рухани байлық, ұстаздың шәкірт ал­дында кез келген сұраққа дайын тұруға бо­латын құндылық.
Міне, ұстаздың жұмысы осылай ауыр, оған дайындық та оңай емес. Осындай жағ­дайда сурет өнері мен үшін кейде бір де­малыс болумен бірге бала күнгі қиялымды ұш­тауға көмектесті. Өзім тәрбиелеген шә­кірттерім қашанда іздеп келіп жатады. Таяу­да Қытайдың Алтай өңірінен бір шәкіртім іздеп келіпті. Ол мен Құлжа қаласында мек­тепте сабақ бергенде оқыған оқушым екен. Ұстазды шәкіртті іздеп келуі бақыт болса, сәлем беруінен артық нәрсе жоқ, – деп қа­рия өзінің суреттерін көрсетеді.
Қарияның суреттерінде ұлтқа тән кө­рі­ністер, қайталанбас бейнелердің іздері сай­рап жатыр. Тіптен қазіргі кәсіби сурет­ші­лер­дің мұндай тақырыпқа баруы екіталай тұс­тары да байқалып жатты. Кәсіби суретші бол­маса да, көркемөнерге деген қызығу­шы­лығын майлы бояулы картиналарда орын табуы қарияның ізденісін айқындайды. Мұ­қаметқали қарияның шеберханадағы «Тал­қының тауы», «Балалық шақ», «Көш» және «Бүркіттің балапанын алу» деген картина­ла­рынан басқа суреттері өзіндік бояумен көркемделгендігі шеберлік екені даусыз.
Бір өкініштісі, Мұқаметқали қария еш жер­де көрмесін ұйымдастырып, өзін на­си­хаттамапты. Тек бір баласы әке арманын қуып, мектепте суреттен сабақ беріп жүр­ген­дігі көңіліне медет екенін айтып, әлі де та­лай суретті дүниеге әкелуге әзірленіп жүр­гендігін тілге тиек етті. Қарияның кар­ти­наларында қазақтың болмысы мен тыныс-тір­шілігі көбірек бейнеленген.

 Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ

http://www.aikyn.kz/articles/view/45671

Рубрика: