Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Славянскіде блокпостта тұрған ресейшіл сепаратист. Украина, 1 шілде 2014 жыл.«Украинаның шығысындағы Славянск қаласының түбінде украин армиясының шабуылынан 250-ден астам ресейшіл сепаратист оққа ұшты» деп хабарлайды әскери шенеунікке сілтеме жасаған LB.ua интернет басылымы.

Офицерлердің бірінің айтуынша, сепаратистердің жаттығу лагеріне  Днепропетровскінің 25-әуе десантының жеке бригадасы шабуыл жасаған. Офицер «қазір Украина армиясы Новоалександровка ауданындағы сепаратистердің позицияларын атқылап жатыр» дейді.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, сепаратистер Украина әскерінің Карачун тауындағы шебіне шабуыл жасап жатыр.

30 маусым күні Украина президенті Петр Порошенконың атысты тоқтату мақсатында енгізген уақытша бітім режимі аяқталып, ұрыс қайта жалғасқан.

http://www.azattyq.org/content/news/25442246.html

Рубрика: