Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украинаның шығысында Краматорск қаласынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр деп хабарлайды УНИАН агенттігі.

Жергілікті журналист Александр Олейниктің Facebook-тегі парақшасында хабарлауынша, қалада жұртты үрей басқан. Тұрғындар саяси ұстанымдарының әртүрлілігіне қарамастан қаланы тастап кетіп жатыр. Қала қазынасының жұмыс істемей тұрғанына бір айға жуықтағандықтан тұрғындардың өмір сүруі қиындаған. Жұмысшылар зауыт-фабрикалардан шығып жатыр.

Краматорскіде ауыз су қоры таусылуға жақын. Украин әскері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатқан көршілес Славянск қаласында су тазартатын орында апат болғаннан кейін Краматорскіде жағдай күрделене түскен.

Өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» басшысы Денис Пушилиннің айтуынша, Украинаның шығысындағы қақтығыс жүріп жатқан аймақтардан Ресейге 15 мыңға тарта адам көшіп кеткен.

12 маусымда Ростов облысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ламберто Занньер украин босқындарымен кездеседі.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140612/330/330.html?id=25419284

Рубрика: