Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

a86d074be3c129aecba67d396949056dҚазақстанның yvision.kz порталы қоғамдық орында сүйісуге (тілге алудың өзі ыңғайсыз екен) байқау жариялады. Байқауды өткізуге себеп — жуырда ғаламторда қоғамдық орында сүйісуге тыйым салынғаны туралы ақпараттың пайда болғаны көрінеді.

Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Санжар Боқаев халық демалатын орындарда ашықтан-ашық сүйісу — барып тұрған мәдениетсіздік екенін айтқан. «Жастардың саябақтарда сүйіскендерін ыңғайсыз санайтындар бар екен. Ал біз олай ойламаймыз, сүйіскенде тұрған не бар екен. Бұл — махаббаттың, сыйластықтың белгісі емес пе. Оны айтпағанда, сүйісудің денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екенін біле ме осы жұрт», — деп ділмарсиды блог-платформаның менеджері Самсон Безмятежный.
Оның айтуынша, қоғамдық орында сүйіскендерді жазалауға, оларға айыппұл салуға болмайды. Сондықтан осы байқауды өткізу арқылы наразылық білдіруді мақсат етіп отырмыз. Байқаудың негізгі шарты — жастар саябақтарда, қала көшелерінде және басқа да орындарда қысылмай сүйісіп, суреттерін порталға жіберуі тиіс. Санжар Боқаев байқаудың түкке тұрғысыз екенін айтады.
«Қайдағы жоққа басымды ауыртып қайтейін, маған десе неге бақа жеуден байқау ұйымдастырмайды. Қариялар басқармаға келіп, жастардың мәдениетсіз қылықтарына жиі шағымданады. Бірде саябақта итін жетелеп жүрген апамыз бір-біріне сағызша жабысқан екі жасқа ескерту жасаймын деп, опық жеген. Жастар кешірім сұраудың орнына қарияның өзіне қарай дүрсе қоя береді. Бар бәле осындай тәрбиесіз жастардан шығып отыр», — дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов қала тұрғындарына сүйісуге рұқсат беріпті. 29 қазан күні қала әкімі жас өнертапқыштармен кездесу кезінде
«Қала әкімдігі жастардың сүйісуіне қалай ғана тыйым салады? Сүйісу — жанға жайлы әрі денсаулыққа пайда емес пе», — деп, байқау өткізуге қарсы еместігін білдірген.
«Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты» деген осы шығар. Ит екеш ит те мұншалықты қасиетсіз болмайтын шығар. Масқара, о заман да бұ заман, адамдық қасиетке жатпайтын ұятсыз қылықтардың қоғамымызда ашықтан-ашық жасалатынын көретін күнге жетеміз деп ойлаған жоқ едік. Мұндайды естігенше, қара жер жұтса игі еді», — дейді қариялар налалы күйде.

 

NUR.KZ интернет-порталы

Рубрика: