Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сочи Олимпиадасындағы бәсекелер күннен-күнге қыза түсуде. Жүлдеге таластың оңай болмайтыны белгілі. Қазақстан құрамасының қоржынына әзірге медаль түсе қойған жоқ. Дегенмен міндетті түрде оның сыңғырын естиміз деп сенеміз. Осыған дейін өнер көрсеткен спорт
Сочи Олимпиадасындағы бәсекелер күннен-күнге қыза түсуде. Жүлдеге таластың оңай болмайтыны белгілі. Қазақстан құрамасының қоржынына әзірге медаль түсе қойған жоқ. Дегенмен міндетті түрде оның сыңғырын естиміз деп сенеміз. Осыған дейін өнер көрсеткен спорт­шыларымыздың арасында фристайл шебері Юлия Галы­шева­ның жүлдеге қол жеткізер мүмкіндігі басымырақ болды.

Фристайлдің могул түрі бо­йын­­­ша әйелдер арасындағы бәсе­кеге Қазақ­станның екі бірдей спорт­шысы қатысты. Бұған дейін Турин және Ванкувер Олимпиа­даларында бақ сынап үлгерген ардагер спортшымыз Дарья Рыбалова мен жиырма бір жастағы Юлия Галыше­ва алдымен білікті­лік кезеңінде шебер­ліктерін ор­таға салды. Барлығы отыз спорт­шының арасында үздік нәти­же көрсеткен он екі шебер бірден финалға жолдама алатын еді. Өкінішке қарай, Дарья Рыба­лова үмітімізді ақтай алмады. Ол өз деңгейінен төмен өнер көрсетті. 16,24 ұпай ғана еншілеген Рыба­лова бірінші біліктілік кезеңінің қорытын­дысы бойынша 23- орынға табан тіреді. Есесіне жас спортшымыз Юлия Галы­шева жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ол 21,17 ұпаймен 6-орынға тұрақтап, фи­нал­ға бірден жолдама алды.
Ертеңіне Дарья Рыбалова өзге де жолы болмаған спортшылармен бірге екінші біліктілік кезеңінде бақ сынап, финал мәселесін шешуге тиіс еді. Бірақ дәл жарыс басталар сәтте оның бәсе­кеден бас тартқаны мәлім болды. Екінші біліктілік кезеңінде жарыс жолы­на он алты үміткер шықты. Олар­дың арасынан он фристайл шебері финалға жолдама алатын. Спорт­шылар соңғы мүмкіндік­терін ұтым­ды пайдаланып қалуға ты­рысты. Ресейлік Екатерина Сто­ля­рова, италиялық Дебора Ца­нзио, чех қызы Никола Судова бас­таған үздіктер келесі кезеңге өтті.
Фристайлдің могул түріндегі ережеге сәйкес, финалдың өзі үш кезеңнен тұрды. Алғашқы фи­нал­да жиырма спортшының ішінен 12 үздік іріктелініп алынды. Бұ­лар­дың қатарына біздің отанда­сымыз Юлия Галышева да ілінді. Шығыс Қазақстан облысының тумасы бұл жолы 21,26 ұпайға ие болып, тағы да 6- орыннан табыл­ды. Демек, ол екінші финалға жол­дама алды. Мұндағы үздік нәтижені чех спортшысы Никола Су­дова тіркеді. Жаттығуларын тамаша орындап шыққан ол 21,82 ұпайды олжа­лады. Америкалық Элиза Уттрим де жақсы көрсет­кішке қол жеткізді.
Жүлдеден үміттілер қатары си­ре­ген сайын мазамыз қашты. Бағы жанса Юлия Галышеваның да жеңіс тұғырына көтеріліп қалуы мүмкін екенін түсіндік. Бірақ екінші финалда қырсық шалды, Юлия Галышева үздік алты спортшының қатарына іліне алмады. Ол соңғы фи­нал­ға жол­дама беретін 6-орынға жайғас­қан жапон қызы Аико Уемурадан 0,3 ұпай ғана қалып қойды. Күншы­ғыс елі­нің өкілі 21,15 ұпай олжа­ласа, Галышева­ның өнерін төре­шілер 21,12 ұпаймен бағалады.
Жүлделердің тағдырын ше­ше­тін фи­налда жоғарыда айтқаны­мыздай, алты спортшы бақ сына­ды. Өзге қарсы­лас­тарына қара­ған­да сәтті өнер көр­сеткен отыз үш жастағы АҚШ спорт­шысы Ханна Кирни Сочи Олим­пиа­дасының алтын жүлдесін ұтып алды. Ол 21,93 ұпай жинады. Кү­міс және қола жүлдеге сәйке­сін­ше Канада елінен келген апалы-сің­лілі Хлоя Дюфур-Лапуант пен Жюс­тин Дюфур-Лапуант еншіл­еді.
Жалпы, Сочи Олимпиа­да­сы­ның алғашқы жүлдесін сноуборд­тың слоупс­тайл түрі бойынша сынға түскен ерлер жеңіп алды. Олардың арасында АҚШ спорт­шысы Сейдж Котсенбургке тең келер қарсылас болмады. Ол 93,50 ұпай­ға ие болды. 2-орынға норве­гиялық Стаале Сандбех 91,75 ұпай­мен тұрақта­ды. Үздік үштікті 88,75 ұпайға ие болған канадалық Марк Макморрис түйіндеді.
Дәл осы спорт түрінен бәсеке­ге түскен әйелдер арасында да АҚШ спорт­шысы топ жарды. 95,25 ұпай­ды еншісіне жаздырған Джейми Андерсон Олимпиада чемпионы атанды. Финлян­дия елінің спортшысы Энди Рукаярви 92,50 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізсе, өне­рі 87,25 ұпаймен ба­ғаланған ұлы­британиялық Дже­нни Джонс қола ме­дальді мойны­на ілді.
Шаңғы жарысының скиатлон түрі бойынша да бәсеке аяқталды. Бұл дода­ға біздің отандастарымыз да қатысты. Еліміздің қазіргі уақыттағы ең мықты шаңғышысы Алексей Полтаранин мә­реге 16-болып жетті. Бірден айта кетейік, екі бөліктен тұратын бұл жарыс түрі Пол­таранинге қолайлы саналмайды. Сон­дықтан одан жүлде күткендердің қапаланбай-ақ қоюларына болады.
Осы жарыс барысында биылғы Олим­пиаданың алғашқы даулы оқиғасы орын алды. Жанжалға қола жүлдеге таласып келе жатқан норвегиялық Мартин Сондбю мен ресейлік Максим Вылегжанин себепкер болды. Алғашқы­сы жа­рыс қожайынының шаңғысын басып кетіп, ресейлікке кедергі келтірді. Соның кесірінен орыс шаң­ғышысы норвегиялықтан қалып қойды. Әрине, ережеге сәй­кес, олай істеуге тыйым са­лы­на­ды, ресейліктер шағым түсірді. Алайда төрешілер норве­гиялыққа қатаң ескерту жасаумен шектелді, жарыс нәтижесін өзгертпеді. Бұ­ған келіспеген ресейліктер Лозан­надағы арбитражды сотқа шағым түсірді. Оның нәтижесі екі-үш айдан кейін ғана мәлім болады.
Алда көптеген жарыс түрлері бойын­ша жүлделер сарапқа салы­нады. Отан­дастарымызға сәттілік тілейміз!

Шалқар ЕСТЕН

http://www.aikyn.kz/articles/view/42061

Рубрика: