Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әзербайжан әскерилері Таулы Қарабақ аймағы маңында Арменияның Ми-24 әскери тікұшағын атып түсіргенін хабарлады.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің қарашаның 12-сінде таратқан мәлімдемесінде «сол күні түс ауа Ми-24 тікұшағынан әзербайжандық әскерилерге оқ атылғаны» айтылады. Әзербайжандық әскерилер қарсы оқ атып, тікұшақты құлатқан. Бірақ қорғаныс министрлігі зардап шеккендер туралы мәлімет келтірмеген.

Әзербайжанның сепараститік аймағы, этникалық армяндар басқаратын Таулы Қарабақтың «өзін-өзі қорғау күштері» жаттығуда жүрген бір тікұшағының шабуылға ұшырап, құлағанын хабарлады.

Ал ресейлік «Интерфакс» агенттігі сепаратистік аймақ билігіне сілтеме жасап, «үш адамның қаза тапқанын, әскери тікұшақтың Әзербайжан әскерилеріне қауіп төндірмегенін» айтады.

Армян сепаратистері Әзербайжанның Таулы Қарабақ аймағын 1990 жылдардағы соғыс кезінде басып алған. Оларды Армения мен Ресей қолдайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141113/330/330.html?id=26689304

Рубрика: