Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Олар — біздің аяулы әрі тағдырлы бауырларымыз! Олар — Ресейдің құрамындағы автономиялы түркі тектес республикалар. Ресей автономиялы республикаларды біржол жоймаққа бекініп, жан-жақтан қыспаққа алып келеді. Ал, біздің бауырларымыз Тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтары, тілі мен діні, ділі үшін талмай күресіп келеді. Біз — тілекшіміз.

Башқұртстанда орыс басқыншылары башқұрт тіліндегі мектептерді жауып, башқұрт тілін тұншықтырып, тілі арқылы башқұрт халқын жойып жібермекке жанталасып жатқан көрінеді. Оны туған тілін қорғап, шырылдаған Азат Сәлменовтың жанайқайынан білуге болады.

Азат Сәлменов:

— Олар «(Ресей. — ред) башқұрт тіліне қарсымыз» демейді. Бірақ, білдірмей біздің тілімізді мектептерде оқытуды тоқтату арқылы тартып алып жатыр.

Біз бәріміз неге орыс тілін үйренеміз? Мен орыспын ба?  Жоқ, әлде осындағы бәріңіз орыссыздар ма? Жоқ, әрине! Алайда біз мемлекеттік тіл ретінде орыс тілін үйренеміз, білеміз. Ал, Башқұртстанда башқұрт тілін білмей, үйретпей барып тұрған әділетсіздік!  Сонда біз екінші сортты адамдармыз ба? Әлде біздің тіліміз орыс тілінен сорлы ма?

Сондықтан, кімде кім бәрінің башқұрт тілін білуіне, үйренуіне қарсы болса, ол адам — ұлтқа қарсы адам.  Ондай адамға осылай деп ашық айтыңыздар! Ол өзін демократ, космополит, жақсы адаммын деп ойламасын! Ол — сатқын, ұлтын сатқан опасыз! Республикамызда тұратындардың бәрі башқұрт тілін білуге міндетті! Бұл Башқұрттардың ойлап тапқаны емес. Бүкіл әлемде солай. Кез келген елге барсаң, біздің тілімізді үйрен дейді.

Бізге «сендердің сандарың аз, тілдеріңде ешкім сөйлемейді» дейді. Яғни, бізді екінші сортты етіп көрсетіп отыр және олардың ойынша біз мұнда болмауымыз керек.  Бұл мүмкін емес! Әркімнің башқұрт тілінде сөйлеуін талап етіңіз!

Біздің заңгер дайындаған резолюцияны Президент Хамитов (Башқұртстан президенті. — ред) пен Путинге жібердік. Президент Хамитов «Башқұрт тілін оқымауға болады» деген сөз арқылы Башқұрт халқын сатып кетті. Бұл — сатқындық! Президент кім болса да, оның бұлай айтуға құқы да, қақы да жоқ! Бүгін Мәскеу айтты, ертең бәрі соған көне қалады деген ешқашан болмайды. Президент жоғарыдағы сөз арқылы зор күнә жасап отыр. Бұл ісі үшін ол және оның ұрпақтары жауап береді. Мектептердің жабылуының бәрі соның ісі.

 

 

Abai.kz

Рубрика: