Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 28 наурыз. Baq.kz- Құжаттама ісімен айналысатын мамандардың тірлігіне қарап тұрып қайран қаласың! Жеке құжатқа жалған мәліметтің жазылып кетуіңе байланысты қаншама күлкілі жайттар болып жатыр. Біреуге – қызық, біреуге –шыжық, әрине. Шала сауатты мамандардың аурухана түскен жас жігітті «жүкті» деп диагноз қойғанын да, тірі адамды «өлтіріп» тастағанын да білеміз.

 

Енді, міне, Астана қаласына қоныс аударып, осында жұмыс істеп жатқан 1981 жылы ОҚО Шымкент қаласында дүниеге келген Қанат Сауранбаев ХҚО барып, паспорт алайын десе, ондағылар «сен азамат емессің» деп кабинеттен айдап шығыпты. Сөйтсе, шикіліктің қайдан шыққаны қайдам, Қанатты сырттай баяғыда-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы қатарынан шығарып жіберіпті. Онысы аздай, ХҚО мамандары жас жігіттің жеке төлқұжатын да алып қойыпты. Әйтеуір қайта — қайта барып жүріп, оны әзер қайтарып алған.
Барар жер, басар тауы қалмаған Қ.Сауранбаев ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымовтың блогына мұң шағыпты: «Мен Қазақстан азаматтығынан бас тарту былай тұрсын, шет елге шыққан адам емеспін ғой. Криминалдық полицияға бардым, олар «сен азаматтықтан бас тартқансын» дейді. Егерде азаматтықтан бас тартқан болсам, сол азаматтықтан бас тарту жөніндегі өтініш хат қайда? ХҚО біз ешқандай көмек көрсете алмаймыз дейді. Құрметті министр мырза, сіздерден өтініш маған көмек көрсетуіңізді сұраймын»,– депті ашынған азамат.
Дәулетқали Асауов
http://www.baq.kz/news/25436

Рубрика: