Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жақында Қостанай облыстық шығармашылық үйінде «Менің әлемім» деп аталатын көрме ашылды. Жұртшылық назарын ерекше аударған «Менің жұлдызым», «Жүрек», «От жанындағы жалғыздық», «Әлем көгершіні», «Құс жолы», «Періште» және басқа да шығармалардың авторы Майя Демеуова бұл туындылардың барлығын қолмен емес, аяғымен салған.  


Қабырғаларға жағалай ілініп қойылған суреттер­дің әрқайсысында өзіндік айтар сыр мен мұң бар. Суретші қыздың табиғат көріністері­не қатты көңіл бөлетіндігі
және суретті шебер салатын­дығы бірден көзге ұрып тұр­ды. Сол күні халық та көп жи­налған екен. Оның ерекшілігі – суретті он екі мүшесі бүтін өзге су­ретшілердей емес, аяғының саусақтарымен салатындығы еді. Бояумен салған дүние­лері кімді болсын тұңғиық ойға жетелейді, сезіміңді қозғайды. Қылқалам иесінің туын­дыларын тамаша­лағаннан кейін өзімен танысқым ке­ліп, жан-жағымнан ізде­дім. Сөйтсем, ол залдың ортасында мүгедектердің арбасында отыр екен. Қан­дай сүп-сүйкімді ботакөз қыз. Бірақ тағдырдың жазуы­на не шара?! Өзімен кішкене де болса тілдесуге қанша­ма әрекеттенгеніммен, оным­нан ештеңе шықпады. Өкініш­тісі сол, ол буынын ұстай алмайды. Соны көзіммен көріп, жүрегіммен сезіп тұр­ған соң оның жанын қи­науды орынсыз санадым. Сол уақытта, менің ішкі ойымды оқып білгендей, Майяның анасы сөзге ара­ласты. Кісіні  жатырқамай­тын ашық-жарқын мінезі, жү­зі­нен арайланып төгіліп тұрған иманы да өзінің Сәуле деген атына сай екен.

Қызы Майя, ұлы Жанат және сүйкімді немересі Дилназбен Амангелді ауылында тұрады. Жанұяның ұйытқысы болып отырған Сәуле қызы мен ұлына және не­мересіне қарап отырып, тағдырына шү­кір­шілік етеді. Бұрын қос перзенті кішкентай кезінде барлық ауыртпалық өзіне түсіпті. Бұл күндері Жанаты да жігіт болып, табыс таба бастаған. Анасына қаржылай көмек беріп тұрады.  Тек өкінетіні – суының тұнығы, пер­зен­тінен алды Майя әу баста жарық дү­ниеге келмей жатып, миына зақым кел­гендіктен, өздігінен жүріп-тұра алмайтын халге душар болғаны. Бұл, әрине, жүрегі нәзік ана үшін жеңіл соққы емес. Ер-азаматтың отбасында алар орны бөлек. Алайда Сәуле күйеуі Мейраштың дүниеден өткені өзіне жеңіл тимесе де кездескен қиындыққа мойымады. Қайта балапандарының болашағы үшін жігерлене түсті. Себебі оған босаңсуға болмайтын еді. Әрине, отағасының туған-туысқандары да қарап қалған жоқ. Қолтықтарынан демеп, керек кезінде көмектерін аямады. Бірде Амангелді елді мекенінде болға­нымда, суретші қыздың жататын бөлмесін де көріп, өзінің жаңадан салған сурет­те­рімен де танысқан едім. Сондағы алдымен назарымды аударғаны, оның өзі салған ардақты әкесі Мейраштың суреті еді. Осы портреттен-ақ қыз баланың жүрегінің нә­зік­тігі, әкеге деген шексіз махаббаты мен сағынышы сезіліп тұрды. Сонымен қатар қабырғаларға ілінген эстрада жұлдыздарының бейнелерінен де бойжеткеннің сұлулыққа шексіз құштар­лығын, жаны ән мен тәтті әуезді қалай­тынын байқау да қиын емес-ті.

Соңғы біраз жылдардың жүзінде аяғы­ның саусағымен сурет салатын Майя үшін шығармашылық тұрғыдан нағыз шарықтау кезеңі болды десек, орынды секілді. Оның суретшілік қырын, талпынысын байқаған кісілер де дер кезінде қол ұшын созды. Оның тұңғыш көрмесі 2000 жылы ұйым­дастырылды. Одан кейінгі жылы Ақтө­бе­дегі қалалық, Алматыда өткен респуб­ликалық «Синяя птица» байқауында көзге түсті. Сондай-ақ бұл үшін Мәскеудегі «Фи­лантроп» халықаралық фестивалі жүл­десінің орны тіпті бөлек. Оған Қазақ­стан­нан жалғыз өзі қатысты. Сол уақыттағы об­лыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қазақ қызына тікелей қамқорлық көрсетті. Әлемге әйгілі Третьяков галереясына бірінші топтағы мүгедек қыздың үш туын­дысы қойылып, қорға алынды. Бұл талант­ты бойжеткеннің өнердегі үлкен табысы болғандықтан, ол жақтан қанаттанып келді. Шығармашылыққа барынша ден қойды.
Бүгін әңгімеге арқау болып отырған қарындасымыздың тағы бір қол жеткізген табысы – Швейцариядағы ауызбен және аяқпен сурет салатын суретшілердің ха­лық­аралық қауымдастығымен тікелей тығыз байланыста болуы еді. Ол жақтағы­лар өздерінен едәуір жерде жатқан қоста­най­лық Майяның талантын лайықты баға­лай білді. Бұл да осы кезге дейін сол елге көптеген еңбектерін жіберді. Швей­цария­дағы қауымдастық бұған өздерінің арнайы стипендиясын тағайындады. Кезекті көрмесінен кейін Майяның әлі талай асуларды алатынына көз жеткіздік.

Оразалы ЖАҚСАНОВ

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: