Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «ЗЯТКЕР ҰЛТ» қалыптастыру тапсырмасы – ұлттың ұлағатын әйгілеп, ұрпақтың болашағына жол ашатын алып саясат. Әлемдік тәжірибеден алып қарасақ  білім саласына инвеститция салып, ұрпақтың  зяткерлік сапасын көтеру арқылы мемлекеттің жалпы қуатын алдыға сүйреген елдер санаулы. Соардың мысалы іретінде Германияны, Жапонияны, Қытай мен малайзия елдерін ерекше атауға болады.  Аталған елдердің қайсысының болмасын жер байлығы Қазақ елінің шалымынада келмейді. Деседе  білім сапасы мен адам капиталына инвеститция салу арқылы ғажайып жетістктерге жетті.  Ғылым мен мәдениеттің жілігін шағып, майын ішті.Шығыс елдері ең алдымен сана тәрбиесін алған ар-ұжданды жастардың,  тәрбие мен білімді қатар жинаған талант иелерінің ұлттың бағын ашатынын жете түсінді.

Еліміз міне сол «сапалық  білім жүйесіне» көшуге тиісті және адам капиталына қаржы қосыуға, инвеститцияны адам тәрбиесіне тартуға міндетті.  Міне бұл президентіміздің  алға қойған  «Зяткер ұлт» қалыптасыру міндетін  орындаудың алғы шарттардың бірі болмақ.

Әл-Фараби атамыздың: «Тәрбиесіз ұрпақ – адамзаттың қас жауы» -деген сөзі бар. Бұл ұрпақ тәрбиесінде алдымен сана тәрбиесі сосын білім мен қабілет керек екендігін көрсетеді.  Атап айтқанда Қазақ елінің қазіргі білім жүйесі осы міндетті атқара алмауда.  Тіптен ұлттың ұрпағын құрыдымға жетелеген жүйе іретінде көруге болады.

Тәрбие мен білім егіз. Білім – ғылым мен жетістіктерге жетелейді, ал тәрбие сол ғылым мен жетістіктерді өз халқы үшін қызымет еттіруге жұмыс істейді. Тәрбиесіз алған білім – сатылып кеткен ғылыммен бірдей.

Демек, «Сана, білім, қабілет, сапа»  төртеуі ұштасқан «сапалық білім жүйесіне көшу» кезек күттірмейтін міндет. Ұлттың көркейіп, мемлекетіміздің болашағына даңғыл  жол ашатын саясат.

Еліміздің білім саласы қай деңгейде? Қалай шешуге болады?

Қазақстанның білім жүйесінде  тозған әрі өз иқуатын(Функциясын) атқарудан қалған модулдер бар. Оған дәлел жеткілікті.

Бірінші, бастауыш сыныптарға 1 сыныптан 5- сыныпқа дейін тек ғана бір мұғалым сабақ береді. Міне бұл әлемдегі 200 мемлекеттің ішінде тек 7 ел ғана пайдаланып отырған тозған жүйе.

1.    Егер сабақ беретін оқытушы сапасыз әрі санасыз болса баланың обалы кімге қалады?

2.    Рейтингті бір сыныпқа бір ғана мұғалім, атап айтқанда сынып жетекшісі ғана жасайды, ол өзі үшін болсада төмен баға қоймайды.

3.    Мұғалімдердің көбі кешкі өқу бөлімнде оқығандар.

4.    Мұғалімдік салаға оқуға мемлекеттік грант көп бөлінетіндіктен, әдетте басқа мамандықтарға түсуге шамасы келе бермейтін талапкерлер осы мамандыққа түседі. Бұл айтқаным бір жақты болсада 80 пайыз оқу үлгірімі нашар балалар осы мамандыққа түседі. Осылайша өзі 4 пен 5 ті алып көрмеген бала оқушыны қайдан 5 алуға жетелей алады?

5.    Ата-анасының уақыты бала тәрбиесіне жеісе бермейін қазіргі қоғамда бастауыш бес жылдық  оқу барысы баланың қалыптасу кезеңі. Міне сол кезеңде білімі мен қабілеті таяз мұғалімнен дәріс алған баланың болашағына кім жауапты екенін әркім ойласада,   ата-аналар амалсыз.

Бұл мәселелерді  шешудің жолы:

1.    Әр пәнге сол пәннің мұғалымы сабақ беру – өркениетті білім берудің белгісі.

2.    Сапалы, таңдаулы мұғалімнен дәріс алуды таңдау құқын беру  – ұрпақтың болашағына инвеститция салу. Ұлттың болашағына аса жоғары жауапкершілікті білдіреді.

3.    Ең үздік талпкерлерді педагоика мамандығына оқытып, ұлттың ертеңіне ұстаз дайындау – көреген саясаткердің ісі.

Екіншіден, «Бестік бағалау түзімі» білім саласының алға жылжыуына кедергі болуда

1.    «Бестік бағалау түзімі» балалардың білімі мен қабілетін бағалауға тарлық етеді.  Себеі, әдетте мұғалімдердің 95  пайызы(Астанадағы сауалнама нәтижесі) тек ғана 3, 4, 5 деген үш түрлі ғана баға қояды екен. Міне бұл «Қалыпты, орташа, жақсы»  деген мағынаны білдіреді.

2.    Балалардың өзіні-өзі қол салуына әкеп соқтырған себептің бірі осы «5» деген баға. Өмірі «5» деген баға алып жүрген оқушының көңілінде мен «Үздік оқимын»  деген сенім болады, ал ол бала ҰБТ-ға келіп қатысқанда бірден «2» алып қалса  сол сенімі шағылып, өмірге құштарлығы күйрейді, намыстанады тіпті өз-өзіне қол салады.

3.    Білім саласына инвеститция салып, адам капиталын қаржыландырған елдерде  «Бестік баға» атымен жоқ.  «100 бағалау түзімі» бала мен оқытушының көптеген қыры мен сырын ашып, нағыз бағасын беретін бағалау түзімі.

4.    «5 –тік бағалау түзімі»  — баға беру мүмкіндігі шектеулі болғандықтан баланы да мұғалымдердіде, ата-аналарды да алдайтын жүйе.

Шешу жолы: әлемдік тәжірибеге сай «100 нөмірлік бағалау жүйесін»  енгізу

Үшіншіден, басым көп санды мұғалімдер толымсыз.

1.    Ауыл мұғалімдерінің басым бөлімі, тіпті қала мұғалімдерінің басым көп бөлігі  жоғары оқу орындарын сырттай бітіргендер.

2.     Педагогика мамандығына оқу үлгірімі төмен балалар барады.

3.    Мұғалімдердің жалақысы төмен болғандықтан білімді жастар бұл мамандыққа бара бермейді.

4.    Қазақстанда мұғалімдерді сынаудың(атестациялау) біріңғай, міндетті жүйесі жоқ.

5.    Астанада жұмыс таппағандар мұғалім болады.

6.    Қағазбастылық мұғалімдердің жүйкесін төздыруда.

7.Мектеп директорлары таныс-білістікке көңіл бөледі. Себебі бізде өмір солай.

Шешу жолдары:

1.    Білімді де мен қабілетті адамдардың ішінен саналы да тәрбиелі адамдарды таңдап алып білім саласына басшылыққа әкелу. Бұл жағынан Жапондардың сана мен тәрбиені білім мен қабілеттен жоғары қойғанын назарға алған жөн. Қытай елі де осы Жапондардың жүйесін қабылдағанын айта кеткен жөн.

2.    Мұғалімдердібағалаудыңбіріңғайжүйесінжасау. Мұнда анонимды түрде бағалау жолы Жапния, Қытай, Малай елдерінде өз артықшылықтарын көрсетуде, себебі бұлай бағалағанда мұғалімде, директорда бағаны өзгертуге амалсыз қалып,  мақсатты түрде обалды етудің алдын алуға болады.

3.    Мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару. Бұл мұғалімдердің уақытын үнемдеп, білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

4.    Мұғалімдердің қоғамдағы орнын көтеру арқылы тәрбиелі де білімді жастарды білім саласына тарту. Қоғамның назарын білімге аудару.

Төртіншіден, оқу құралдары мен оқулықтар сапасыз. Міне бұл баланың санасы мен психологиясын, ойлау жүйесі мен логикасына айықпас дерт жасайтын себептердің бірі.

1.    Қазақстанда оқулық құрастыру жеке адамдардың жұмысы. Міне бұл оқулықтың жан-ақты сапасы шектеулі дегенді білдіреді. Ал оулықтың сапасын тексеретін комиссия болсада ол оқулықтарға толықтай жауап бере алмай отыр.

2.    Жүйесіз аудармалардан жасалған оқулық – түсінуе қиын.

3.    Ұлттың  тәбиғатына(менталитетіне) сай келмейтін оқу құралдары  ұрпақтың  тектілігіне сызат түсіруде.

Шешу жолдары: Әдетте өркениетті елдерде әр әр оқулық үшін арнаулы комиссия құрылады. Себебі оқулық —  оқушының соғыс құралы. Сапасыз оқулық сапасыз мылтық.  Мұндай комиссияларда кемінде 7 адам тіпті 9 адамға дейін болуы керек. 2 адам сол пәннің тәжірибелі маманы, 1 адам сол пәнні доктор-ғалымы, 1 адам жазылатын тілдің жоғары маманы, 1 адам ұлттық идеялогиясын қадағалайды, 1 адам оқулықтың логиякалық мәселесін қадағалайды, 1 адам басқа комиссиялық топтармен үйлестіру жағын қадағалайды, 1 адам мемлекеттің заң-тұзімдеріне қайшы келетін-келмейтінін қадағалайды.  Қай адамнан қателік кетсе қатаң жазаланады, себебі оқулық  — ұлттың ұрпағын болашаққа жетелейтін құрал.

Бесіншіден,  «Гүлленшілер» мен ағылшын құмарлар. 5 сыныпты бітірген оқушылардын сынақ арқылы таңдап алынған оқушылардың көп бөлімі  қазақ-түрік лицейлеріне немесе назарбаев зяткерлік мектептеріне барады.  Оылайша бастауыш білім ордаларының қаймақтарын жинап алып ҚТЛ мен зяткерлік мектептері әкетеді.

1.    Ұлттық тәрбие мен тектік тәрбие берілмейтін ҚТЛ. Міне Түркиядан қуылған «Гүленшілер» қазақстанға келіп бауыр басып қалды. Балалар білімді, дінни тәрбие алған. Өкініштісі тегі мен тарихын білмейтін, білугеқызықпайтын «Құлтемір» сыяқты топ пайда болды. Осылайша таңдап алған қазақтың таантты ұлдары Гүлленнің жаһандануының жемі болып барады.

2.    Оқушыларды қарапайымдар мен ҚТЛ-діктер және ағылшын тілділер сынды жіктерге бөлуде. Тіпті ҚТЛ-діктер қауымдастығы мен Болашақтықтар қауымдастығы деген атпен  құрылған ұйымдар саясатта командаралар  қалыптастырды. Ал қарапайым мектепті бітіргендер екінші сортты адам боп қалуы ықтимал.

3.    ҚТЛ мен зяткерлік мектептері ең үздік оқушыларды талдап алады. Сонымен сол үздік оқушылардан шыққан нәтижені мектеп жетістіктері іретінде дәріптеп,  қарапайым халықтың көзін алдауда. Ал әдеттегі мектептердің білім деңгейін  оқушылардың білім деңгейімен емес  үздік оқушыларды жинап алған мактеп не лицейлердің нәтижесімен салыстырылады.

4.    ҚТЛ мен зяткерлік мектептерде білім беру жүйелі бірақ ұлттық тәрбие жоқ.  Онсызда 5 жыл жүйесіз білім алған баланың үздіктерін түріктер талдап алып «Әбдұллақ Гүлен» жүйесімен тәрбиелесе енді бір бөлімін баыс мәдениетін бойына жинаған ағылшындар әкетеді. Осылайша қазақтың таңдамалы балалары «ұядан нені көрсе ұшқанда соны алады» деген қағйдамен бірі түріктің бірі ағылшынның мақсатты саясатының құрбанына айналады. Қазақша сөйлегенімен тәбиғаты(менталитеті) мен өмірлік көзқарасы өзгерген рухани кеміс топқа айналады.  Мұның қазақ үшін үлкен жоғалту екенін біреу білсе біреу білмейді. Әдетте көптеген ата-аналар балаларының көп тілді болуы үшін солардан оқытуға талпынады. Тіпті ҚТЛ-ді үздік оқыған оқушыларды түріктер өздерінің түркиядағы жоғары оқу орындарыне немесе Сүлеймен Демирел Университетіне оқуа қабылдап, өз тәрбиелеріне алады. Міне солар Түріктердің адал ұлдарына айналып, қазақылықтан алшақтай береді.

5.    ҚТЛ мен зяткерлік мектептерде оқушыларға беретін  сана тәрбиесі жеткіліксіз.  Олардың жақсы жағын көріп, жаман жағын көрмеу – ертеңгі ұрпағызды жоғалту.  Атап айтқанда  қазақы тәрбиеден негізінен мақұрым қалады. ҚТЛ-де оқыған балалар биазы, көп тілді, білімді болғанымен басым көп сандысы Робот сыяқты ұлттық  санадан ажырап,  қазақы мінезден айырылып қалуда. Тек отбасы тәрбиесі мықты аз сандылары ғана ұлтжанды, қазақы мінезді болады.  ҚТЛ-дің тәрбиесі негізінен түріктердің саясатының бір бөлегі екенін ұмытпаған жөн.

6.    Ал 60 пайыз мұғалімдері шет елден келген ағылшын тілді  мұғалімдерден болатын зяткерлік мектептерде де сол жағыдай. Сол мұғалімдерінен көрген тәрбиемен өсіп, ағылшын тілділер менталитетін қалыптастыруда. Тіпті олар өздерін қазақы балалардан жоғары қойып, басқа қазақтарды қор сезінетін сана қалыптастыруда.  Тағы бір айта кетерлігі осы ағылшындар өз елдерінде жұмыс таппаған, психологиялық немесе басқа жақтардан кеміс адамдар болуы да мүмкін.

Шешу жолдары:

Міне бұл президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының ойлаған зяткерлік мектептері емес, батыстың менталитетін қабылдап, қазақы мінезден ажырап бара жатқан, тіпті Непалдағы ағылшын тілді непалдықтардың қауымы сынды бір ұлттық топты қалыптастыруы мүмкін. Ұлттық трагедия солай басталатынын ескерген жөн.

1.    Сана мен ұлттық  тәрбие қай-қашанда алдыңғы орында тұрғаны дұрыс. Осы мектептерге арнайы ұлттық бағыттағы жүйелі бағдарлама енгізу керек.

2.    ҚТЛ мен Назарбаев зяткерлік мектептерінің оқыту жүйесін ұлттық болашаққа сай бейімдеу керек.   Міне осы жүйеге қазақы мінезді мектеп директорлары мен қазақы мінезді шет елден білім алып оралған балаларды жұмысқа тарту , сана тәрбиесі оқулығын енгізу, мемлекеттік тілде берілетін сақтардың мөлшерін 80 пайыздан түсірмегені дұрыс.  Осы арқылы жоғрдағы кемшіліктердің ұлғаюының алдын алған дұрыс.

3.     Зерде және дарынды балалар мектептерін көптеп дәріптеу керек.  Сол арқылы бәсеке қалыптастыруға болады.

4.    Масондар мен түріктердің  идеалогиялық басқыншылығына ұшыраудың алдын алып, ұлттық қырағылықты арттырған жөн.

5.    Мемлекеттік тілден басқа тілдердегі сабақтарды  1 сыныптан бастап енгізу – Непал халқының тағдырына алып баратын жол. Атап айтқанда ағылшын тілді непалдықтар  таза непалдықтарды екінші сортты адам іретінде санайтын сана алыптастырды. Бұл оларды рухани тірегінен айырып, екі түрлі непал ұлтын қалыптастырды. Тіпті өзара қақтығысқа дейін ұласқаныны, ең соңында Батыстың рухани құлдарына айналуға мажбұр болғанын естен шығармаған жөн.

6.    Аранулы идеялогиялық, мораль тәрбиесін беретін, ұлттық сана  оқулығын дайындау керек.  Жас шамасына қарай дайындалған осы оқулық арқылы жас ұрпақтың рухани санасын оятып, ар-намысн жануға болады. Бұл Жапон елі мен Қытайда, Малайлар мен Индонезияда, Германияда  жүзеге асқан жүйе.

Қорытынды
Қазақ: «баламның табанына батқан шөгір маңдайыма кірсін» — дейтін халық. Қазақ ұрпақ үшін өмір сүріп, ұрпақ үшін жан пида еткен халық.  Тәуелсіздіктің тәтті дәмін енді ғана сезіген, беюаз халқымыздың бағын асырып, байтағын гүлдендіру бізге аманат. Білім жүйесіне  реформа жасамау — біздідің ұрпағымызды топастыққа жетелеп, әде бір мүдделі топтардың байлаулы құлына айналдырады. Міне бұл құлдар басқаруға ыңғайлы, кедей, тірексіз де тексіз тобырларға айналады.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының ортаға қойған «Зяткер ұлт»  бағдарламасын өз деңгейінде жүзеге асыру тек санасы мен тәлімі, білімі мен қабілеті қатар өскен өскелең жастардың міндеті әрі солардың ғана қолынан келетін жұмыс.  Қазіргі қазақстанда тәрбиені  білімнен бөліп қару жүйесі – ұлттың болашағын жою мақсатындағы жұмыс. Сондықтан «Сана, Тәрбие, Білім, Қабілет» ұштасқан, тарихи ата-тегімен сабақтасқан ұлттық білім жүйесін, атап айтқанда «сапалық білім жүйесін» қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет. Ар-ұжданы таза азаматтардың атқрар парызы.

Қазақстан елінің болашағы үшін қазіргі білім жүйесіне түбегейлі реформа жасап, «сапалық білім жүйесін» орнату керек. Қазақ ұлтының ұрпақтарын топастандыру мақсатындағы әрқандай әрекетке әр адам қарсы тұруға, қазақ үкіметі жүйелі саясаты арқылы олардың жолын кесіп, ұлттың болашағына жол ашу керек.

http://ult.kz

Рубрика: