Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

7c4f1328597ad43344ef2c038a20a514Ораза айында ауыз ашар берудің сауабы қандай, оның да өзіндік шарттары бар ма? Мүмкін болса, осы жайлы жаза кетсеңіздер екен.

Аңсар, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мамандарының айтуынша, ауыз ашар берудің сауабы өте мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген. Рамазан айының келуімен қатар ауызашар беру де көбейе түседі. Жора жолдастарымызбен жақын туыстарымызды ауызашарға

шақырған сияқты, біз де олардың қонағы боламыз. Осылайша адамдардың бір-біріне деген бауырмалдық, жомарттық сезімдері арта түседі. Бірақ адамдарды ауызашарға шақырамын деп қатты шығындалмау да керек. Әрине дастарханның сәнді әрі мол болғаны жақсы-ау, бірақ сіздің әлеуметтік жағдайыңызды ойсырата түспеуі керек. Пайғамбарымыздың хадистеріне үңілер болсақ бір жұтым су, сүт немесе құрмамен де ауызашар беруге болатындығын меңзеген. Егер де сіздің жағдайыңыз мол дастархан жасауға келіп жатса онда оған да рұхсат. Яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең аз мүлшерде ауызашар берсе де сауапқа кенелетінін айтқысы келген еді. Рамазанда ауыз-ашар беріп сауапқа кенелумен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін де орындаған болып саналады. Ал ауызашарға келген адамның да дұға жасауы сүннет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сағд ибн Муаздың (р.а.) үйінде ауызашарға барады. Сол жерде дастархан басында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дастарханыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңызды ізгі кісілер жеп, періштелер сіздерге дұға етсін» деп дұға жасаған еді. Әбу Шейх Ибн Хиббанның риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер де кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды…» деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расул Алла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? деді. – «Бір тілім нан берсін» деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» деді. Олай болса ауызашар берудің қатып қалған шарты жоқ екен. Шамаңызға қарай аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктерге қарасып, кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап.

http://alashainasy.kz/

Рубрика: