Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ауыл мектептерінің білім сапасы неліктен төмен деп ойлайсыз? 

 Оразкүл АСАНҒАЗЫ, Мәжіліс депутаты: 

– Қазіргі кезде ауыл мектебі қала мек­­тептері­мен бәсе­ке­лестікке түсе ал­майды. Бұл жағдай мек­теп түлектерінің жо­­ғары оқу орында­ры­на түс­кен кезінде қатты сезіледі. Яғни онсыз да әлеуметтік жағдайы төмен ауыл тұрғынының баласы өзі қалаған мамандығының мемле­кеттік грант иесі атана алмайды. Сондықтан мемлекеттік грант бөлуде ауылдық мектеп түлектеріне қосымша орындар бөлінгені жөн. Бір мемлекет ішінде қала және ауыл мектептерінің техникалық база­сының әртүрлі болуы сын көтермейді. Сондық­тан ауыл мектептерін жабдықтау мәселе­сіне айрықша назар аударылуы тиіс.  Бүгінгі білім бәйгесінде Қазақстанның барлық балалары тиісті әдебиеттермен бірдей қамтылуы тиіс. Бұл бағытта, әлбетте, үлкен кітапханалары, кітап дү­кендері, интернеті бар қала баласы мей­лінше жан-жақты қамтылған. Сондық­тан ауыл мек­тептері кітапханаларының қорын көбейтуді ойластырғанымыз абзал.

 

Сәния ТІЛЕУБАЙ, Алматы қаласы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның директоры: 

– Біріншіден, ауыл мектебі не­месе қала мектебі деп бөлуге бол­май­ды. Өйт­кені қай мектеп ұжымы болса да, ортақ міндет – еліміздің бо­ла­шағы жастарға сапалы білім және саналы тәрбие беруді жүзеге асырады. Бұған қоса, қазір ауыл мек­тептері осы за­ман­ғы қажетті құрал-жабдықтармен мүм­кіндігінше қамтамасыз етілуде. Қазіргі күні мен білетін ауылдық мектептердің барлығы дерлік компьютерлерді, интерактивті тақталарды, т.б. техни­ка­ларды пайдаланады. Сондықтан ең алдымен мектептерде жоғары нәтижелі білім көрсеткіштеріне жету үшін, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын барынша жақсарту қажет. Оларды тұрақты баспанамен қамтамасыз етіп, айлық жалақыларын көтеру керек. Мысалы, біздің мектепте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген жас физик жігіт небәрі бес-алты ай жұмыс жасады. Содан ол ай сайын алатын 60 мың жалақыға шыдамай «Апай, мен күні ертең үйленсем, отбасымды мына айлық­пен асырай алмаймын. Сондықтан жұмыстан кетемін» деп айлығы көптеу басқа қызметке ауысып кетті. Әйтпесе әлгі жігіт физиканы өте жақсы мең­герген, оқу­шылармен де ортақ тіл таба білетін мұғалім еді. Амал жоқ, біз айлықтың аздығынан оны мектепте ұстап қала алмадық. Демек, ел үкі­метінің мұғалімдердің айлығын көтеру мәселесін шұ­ғыл түрде күн тәртібіне қойып, жан-жақты қарастырғаны жөн.

 

Сапура ЖҮСІПОВА, қоғам қайраткері:

– Менің екі келінім бар, бірі – Қазақ­станның Орал өңірінде, ал екіншісі қазір Ресей­де тұрады. Мұны айтып отырғаным, қос ке­лі­німнің екеуі де мұғалім еді. Бірі био­логия, ал екіншісі – математика пәнінің мұға­лі­мі болатын. Өкінішке қарай, олар­дың екеуі де мектептегі мұғалімдік қызметтері­нен мүл­де қол үзді. Неге?.. Біріншіден, ауылдық мектепте математикадан бірнеше жыл са­бақ берген келінімнің айлығы шай­лығына жарымады. Сөйтіп, ол соңғы жыл­дары жеке­мен­шік кәсіпорын ашып, күнкөріс қамына көшті. Демек, ауыл мектебінде білімнің сапасыздығы мұғалімдер айлығының аздығына байланысты. Себебі айлығы аз мұғалім­нен оқу үлгерімін талап ету тіпті де мүмкін емес. Бұл – бір! Екін­шіден, көп жағдайда ауыл мектептерінде мұғалімдік қызметте жүрген қыз-келіншектердің басым көпшілігі сол облыстағы «аты бар да, заты жоқ» жекеменшік жоғары оқу орнын әйтеуір диплом алу үшін бітіргендер екені анық. Ал жүрек қалауымен жылдар бойы мұғалім болған тәжірибелі ұстаздар уақыт өткен сайын азаюда. Жас мұғалімдер болса, сабақ беру ісіне «жүрдім-бардым» қарайды. Сонда ондай ұстаз білім беріп жарыта ма? Жоқ, әрине! Олай болса, ел Үкіметі көп кешіктірмей ауыл мек­теп­терінің ахауалын жақсарту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, оның нақты жүзеге асыры­луын қатаң бақылауға алуы тиіс! Әйт­песе білім саласында ми­нистр мен орынбасарларды ауыс­тырғаннан білім сапасы жоға­рыламайды. Сондықтан білім сала­сында батыл қадам, ізгі өзгерістер қажет.

Сауалнаманы жүргізген Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

http://www.aikyn.kz/articles/view/41384

Рубрика: