Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Президент биылғы жолдауында: «Мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз», — деген еді. Сөйтіп, ауыл әкімін сайлау шілде айында өтеді десіп жатыр. Бірақ, осы сайлау ауылға не береді? Ауыл халқының өзі емес, мәслихат депутаттары таңдайтын әкім бұқарасына жақын бола ма әлде өзін сайлаған депутаттарға тарта ма? Сайланбалы әкімнен ауыл қаншалықты көгеріп, көктеп кетеді? Қаржылық-әкімшілік жағынан тұтастай аудандарға бағынышты ауылдарға әкім сайлағаннан келіп-кетер не бар? Әлде бұл күнге дейін ауылды экономикалық тәжірбие алаңына айналдырып келген билік енді оған саяси тәжірбие жасап көрмек пе? Ауыл әкімін сайлау жергілікті жердегі атқамінерлерді топқа бөліп тастамай ма? Орталық және жергілікті жердегі билікте рушылдық пен жершілдік онсызда от алып тұрғанда әкім сайлау отқа май құйғандай болмай ма? Мәслихат депутаттары демократиялық сайлау жүйесінің көрсеткіші емес екені белгілі. Ендеше, олардың таңдауы түскен ауыл әкімін жұрт қалай қабылдайды?

Міне, Талқы-Форум елді елеңдеткен осындай сауалдарға жауап іздейді. Ой қосыңыз, оқырман!

Abai.kz

Рубрика: